Қазақша   Русский

RSS-лента

«Тұрақты қалалар үшін төмен көміртекті дамыту» Біріккен Ұлттар Ұйымының және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы даму бағдарламасының бірінші нәтижелері

Бүгін қала әкімдігінде БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) және Ақтөбе облысының арасындағы Меморандум шеңберінде «Тұрақты қалалар үшін төмен көміртекті дамыту» Жаһандық Экологиялық Қор қолдауымен жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өткізілді.
Ақтөбе қаласы осы жобаны іске асыру пилоттық қалаларының бірі болып табылады деп Ақтөбе қала әкімі аппаратының басшысы Ж. Зине өзінің кіріспе сөзінде айтты. Бірлескен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, ЖЭҚ және Қазақстан Республикасының Үкіметі «Тұрақты қалалар үшін төмен көміртекті дамыту» және «Қазақстанда энергиялық тиімді жарықтандыруды ілгерілету» жергілікті атқарушы органдарға қалалық секторында климаттың өзгеруіне жеңілдетуші шаралардың соның ішінде энерготиімді қалалық инфрақұрылым (коммуналдық, жарықтандыру, көлік, қалдықтарды, т.б.) инвестициялау анықтамасын әзірлеуін және іске асыруына көмек көрсетеді.
Белгілі болғандай, қала әкімінің өкімімен 15 тамыз 2016 жылы Ақтөбе қаласында БҰҰДБ/ЖЭҚ Жобасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрақты қалалар үшін төмен көміртекті дамыту" іске асыру жөніндегі байланыс сараптамалық жұмыс тобы құрылды.
Бүгінгі отырыстың мақсаты: 1 компонент орындалу нәтижелерімен танысу:
• төмен көміртекті жобаларды, талап етілетін ресурстарды бағалау және Қазақстан қалалық шаруашылық секторында жоспарланған іс-шараларды анықтау;
• xалықтың xабардар болуы индексінің нысаналы топтардың төмен көміртекті даму мәселелері бойынша (оның ішінде коммуналдық шаруашылық секторларында), енгізілетін процесіне қалалық жоспарлау және пилоттық қалалар мен қажеттілігін хабардар болуын арттыру үшін базалық желісін бағалау.
Кеңейтілген отырысқа қалалық секторындағы энергия тиімділігі тақырыбына қызығушылық танытқан жұмыс тобының мүшелері, БҰҰДБ өкілдері және халықаралық сарапшылар, қала әкімдігінің жауапты қызметкерлері, энергетикалық мемлекеттік мекемелердің, ТКШ, құрылыс, көлік, коммуналдық сала өкілдері және қаланың көлік кәсіпорындарының басшылары, білім беру мекемелерінің, басқарушы компаниялардың басшылары, кәсіпорындарының басшылары, "Атамекен" ҰКП, қоғамдық кеңес мүшелері және басқа да мамандар қатысты.
Кеңейтілген жұмыс тобының отырысының бағдарламасына сәйкес ақпарат тыңдалды.
• Қазақстан қалаларында төмен көміртекті бастамасын қолдау: БҰҰДБ-ЖЭҚ - Қазақстан Үкіметімен бірлескен проект – БҰҰДБ/ЖЭҚ және ҚР Үкіметінің энергия тиімділігі бойынша жоба үйлестірушісі- А.Белый.
• Қалада ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелер инфрақұрылымдық төмен көміртекті жобаларды іске асыру. Қалалық төмен көміртекті инфрақұрылымына бюджеттен тыс инвестицияларды тарту мүмкіндіктер – БҰҰДБ/ЖЭҚ жобасының төмен көміртекті жобаларды қаржыландыру бойынша ұлттық сарапшы- Евниев Б.
• Заманауи қалада парниктік газдар эмиссияларын қысқартуларды есепке алу – БҰҰДБ/ЖЭҚ жобасының төмен көміртекті қалалық жоспарлау және әлеуетін құру ұлттық сарапшысы – Адилов Т.А.
• Ақтөбеде қалалық парникті газдарды түгендеу, төмен көміртекті жобаларды әлеуетің бағалау және қажетті ресурстарды іске асыру. Ақтөбенің төмен көміртекті қалалық алдын-ала даму жоспары – халықаралық сарапшы – Чередниченко А.
• Төмен көміртекті даму мәселелері бойынша хабардарлығын және оны өсіру қажеттіліктерін бағалау –"Әлеуметтік-Экологиялық Қор" ҚҚ-ның Директоры – Досжанова Элина.
• Алдағы жоспарлар. Қажеттілік – БҰҰДБ/ЖЭҚ және ҚР Үкіметінің энергия тиімділігі бойынша жоба үйлестірушісі – Белый А.
Нәтижелермен танысу қорытындысы бойынша қабылдау шешімдерді және қаралатын мәселелер талқыланды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50