Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде жұмыспен қамтылмаған азаматтарға қайта даярлау курстары ұйымдастырылды

Ақтөбе қаласы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына 667 адамды оқыту қарастырылған. Қазіргі таңда, еңбек нарығында сұранысқа ие:кассир,тігінші, шаштараз, аспазшы,көкөніс өсіруші, тәттігер, компьютерлік сауаттылық, электрик, автокран жүргізушісі, газоэлектродәнекерлеуші, ағаш ұстасы, жүк тиеуші операторы мамандықтары бойыншаОрталық арқылы 560 адам оқуға бағытталды. Оқуды аяқтаған бағдарлама қатысушылары арасынан 37 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Бүгінгі күні, яғни 24 тамызда М.Тынышпаев атындағы Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжінде тігінші мамандығы бойынша білім алған 34 адам оқуды аяқтап, соның ішінде 13 тігінші «Глобал Спецодежда» ЖШС, Елмагамбетова, Есенгаринажеке кәсіпкерліктеріне тұрақты және әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуда.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50