Қазақша   Русский

RSS-лента

Абай көшесінің мерекесіне орай "Абай - ғасыр тұлағасы" мерекесі 29 тамызында өтеді

29 тамызында, сағат 19.00 бастап ҚР Конституциясы Күнін мерекелеу қарсаңында ұлы қазақ ақыны, ойшыл және ағартушы, негізін қалаушы және қазақ әдебиетінің классигі, қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбаев атты жаңартылған Абай саябақта көше мерекесі өтеді.
Сәні мен салтанаты жарасқан 3 ағаш үй тігіледі, олар ерекше безендіріліп, ою – өрнекпен көмкерілген және әр ағаш үйге өзіндік атау беріледі. 1- ағаш үй – «Кемел келешек», 2- ағаш үй – «Жарқын болашақ», 3- ағаш үй – «Мәңгілік ел» болып аталады. Әр ағаш үйдің ішінде халықтың аузы аққа тиіп арқа – жарқа болсын деген ниетпен айран және қазақтың дастарханының берекелігін көрсететін ұлттық дәмдеріміз ұсынылады.
Ағаш үйдің ажарын айшықтай түсетін алтыбақандар ағаш үй жанынан құрылады. Әр ағаш үйдің жанында қазақтығымызды дәріптейтін ұлттық тағамдарымыз бауырсақ отқа пісіріліп, қазан көтеріледі.
«Кемел келешек»ауылында – өнерімен өрісі кеңейіп, қаламызға танымал «Шашу» отбасылық Жетесовтер ансамблі жырдан шашу шашса, «Жарқын болашақ» ауылында «Сұңқар вокалды ансамблі» жастарды шыңдайтын өнерлерін көрсетеді және осы ауыл жанында жас жеткіншектер қазақы спорт түрімен аударыспақ, қол күрес, арқан тартыс секілді ұлттық ойындарымызды ұлықтайды. «Мәңгілік ел»ауылындакөненің көзіндей, асылдың сынығындай асыл әжелеріміз кесте тігіп, жүн түтіп, ұршық үйіреді, қоңыр сазды үндерімен халық әндерін орындайды.
Саябақтың кіре берісіндегі бағдарлама «Сазды мәдениет Үйі» және қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен Абай қойылымынан(балалық шақ, жеткіншек шақ)бастау алып, төмендегі кітап көрмесі арқылы («Абай әлемі», «Абай методикалық кабинеті», «Әлемге танылған Абай», «Абайдың қара сөздері»)жалғасып, «Абайды бірге оқиық» деген атаумен қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіледі.
Саябақтың барлық жаяу жүргінші жолына мектеп оқушылары жұмылдырылады. Олар ұлттық киім үлгісімен айтыс, домбырадан тарту, баянның сүйемелдеуімен халық әндерін шырқайды және Абайдың Біржан салдың ауылына барғанынан көрініс көрсетеді.
Алаңның шетінде балаларға арналған сайқымазақтар өз туындыларымен бөліседі және Байғанин ауданының алтын қол иесі Гүлдана Серікқызының «Дала бояулары» атты жеке көрмесін ел назарына ұсынады.
Саябақта сондай-ақ, «Ақтөбе вокалды аспаптар» ансамблі,«Рюкзак» бард клубы, «Күй тартыс», Құрайлы мәдениет Үйінің Ақтөбе вокалды аспаптар ансамблі халыққа өз өнерлерін көрсетеді және Ақтөбелік қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылады.
Мерекелік шара сағат 19:00 де театрландырылған көрініспен бастау алады. Әрі қарай концерттік бағдарлама жалғасады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50