Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізу кезіндегі жол қозғалысын жабу және жол қауіпсіздігі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілуіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылғы 29 тамызда сағат 8-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойынша В.Пацаев көшесінен «Айна» СҮ дейінгі аралықта мерекелік дайындыққа барлық көлік түрінің қозғалысы жабылсын;
2. 2017 жылғы 30 тамызда сағат 09-00-ден бастап сағат 14-00-ке дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойынша В.Пацаев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылы дейінгі аралықта барлық көлік түрінің қозғалысы жабылсын;
3. 2017 жылғы 30 тамызда сағат 20-00-ден бастап сағат 22-00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойынша В.Пацаев көшесінен «Айна» СҮ дейінгі аралықта мерекелік дайындыққа барлық көлік түрінің қозғалысы жабылсын;
4. Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының ҚЖТИ-ға «Табыс Актобе» ЖШС-мен бірге осы учаскеде тиісті белгілер мен қоршаулар қоюға ұсыныс жасалсын.
5. «Ақтөбе қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге параллель көшелер бойынша қоғамдық көлік қозғалысының уақытша сызбасын әзірлесін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ж.Б.Баирхановқа жүктелсін.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50