Қазақша   Русский

RSS-лента

"Конституция күні қарсаңында ақтөбелік полицейлерге 180 жаңа автокөлік табысталды

Конституция күні қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты шарада полицейлерге жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыс етті.

Атап айтқанда, ақтөбелік құқыққорғау органдары жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары үшін «Нива» маркалы 150 жеңіл автокөлікке, сонымен қатар, тағы 30 көлік құралына, оның ішінде ІІД мен аудандық ішкі істер бөлімдерінің өзге де қызметтері үшін жолаушылар таситын «ГАзель» автокөліктеріне ие болды.

Айта кетейік, 180 автомобильдің барлығы да полицей машиналарының заманауи техникалық талаптарына сай.

Жалпы, автопарктің осындай маңызды толығуының арқасында учаскелік полиция қызметінің автокөлікпен қамтамасыз етілуі 100 %-ға жетті.

Кілттерді табыс еткен өңір басшысы полицейлерді Конституция күнімен құттықтады. Оларға күн сайынғы қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, жергілікті полиция қызметінің үздік қызметкерлерін мадақтамалармен марапаттады."

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50