Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласында педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

29 тамызда №60 орта мектебінде жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының аясында Ақтөбе қаласы педагог қызметкерлерінің «Қазақстанның 3.0. жаңғыруы - білімнің үлесі» тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Педагогикалық форумның салтанатты ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ільяс Испанов, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығулова, сонымен қатар депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар қауымдастығы мен педагогтер қатысты.
Пленарлық кеңес қарсаңында қала мектептерінде 3500 мұғалімнің қатысуымен барлық пәндер бойынша 52 секция отырысы өтті.Олар жаңа TEDx форматында, тренинг, коучингтер, пікірталастық алаңдар, әдістемелік мейманханалар мен алаңдар, шебер-класстар, дөңгелек үстелдер, филологиялық панорамалар түрінде өтті.
Педагогтер өз тәжірибелерімен алмасып, өздерінің шешімін таппаған мәселелері мен алдағы жоспарлары, әдістемелік-нұсқау хаттағы жаңалықтар, жаңа мемлекеттік білім стандарты, жаңа білім беру мазмұнындағы жаңалықтар туралы ой бөлісті.
Секциялық отырысқа «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы және педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері шақырылды. Олар оқу бағдарламасының ерекшеліктері мен критериалды бағалаудың түрлерін мектептерде қалай жүзеге асыратынын ортаға салды.

Бірінші рет химия, биология, информатика, физика мұғалімдеріне 8-класқа арналған ағылшын тілінде қосымша курстар әзірленді, оларды 3 айлық курста оқыған, сертификатталған мұғалімдер жүргізеді.

Алғаш рет білім саласында «EduTech» стартап жобаларының байқауы өткізіліп, қорытындыланды. Байқау бойынша І орынға -300 000 теңге, ІІ орынға-250 000 теңге, ІІІ орынға- 200 000 теңге берілді.
Мектептер мен балабақшалардың 14 мұғалімдері мен басшыларына
Құрмет грамотасымен және әкімінің ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50