Қазақша   Русский

RSS-лента

31 тамызында Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті 20 сессия өтті

Сессияның жұмысына қала әкімі Ілияс Испанов, әкімнің орынбасарлары, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, Ақтөбе қаласының құрметті азаматтары, облыстық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері және қалалық бөлімдердің басшылары қатысты.
Сессия отырысының күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша: «Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі».
Қазақстан Республикасының Президентінің «Мәслихат алдындағы әкімдердің есеп беруі туралы» жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімінің ағымдағы жылда атқарылған жұмыстар және өзіне жүктелген міндеттері туралы есебі тыңдалды.
Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Ақтөбе қаласының мемлекеттік атқарушы органдарының жұмысын іске асыру үшін мемлекеттік аймақтық және қалалық жобалар, ҚР Президентінің жолдауын, облыс әкімінің тапсырысы және халықтың тұрақтылық әлеуметтік, экономикалық жағдайы туралы бағытталған болатын.
Инвестициялық жобаларды дамытудың жаңа моделі, жобаларды қаржылық және басқа ресурстармен қамтамасыз етуді дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, инвесторларға жобаларды іске асыру барысында жан-жақты көмек көрсетіледі. Басты назар инвесторлар үшін олардың тартымдылығын арттыру мақсатында инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінеді.

2017 жылдың 1 жартыжылдығында экономикалық көрсеткіштер дамуының жақсаруы байқалады.
Экономика саласында өнеркәсіптік өндіріс қала экономикасының басты негізгі экономикасы ретінде саналады. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік өндіріс өнімдерімен 350- ден астам өнеркәсіп кәсіпорындар мен өндіріс орындары айналысады.
Жылдың басынан бері өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 253,2 млрд. теңгеге нақты көлем индексі 111,6 пайызды құрайтын өнім шығарылды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50