Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын белсенді түрде түсіндіруде

Шағын және орта кәсіпкерлікті (бұдан әрі – ШОК) дамыту қала экономикасының нақты секторының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қала әкімдігімен осы бағытта, атап айтқанда шағын және орта кәсіпкерлікті ынталаныдыру, сонымен бірге бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Осының нәтижесінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны жыл сайын артып келеді. Ағымдағы жылдың 7 ай қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласында кәсіпкерлік саласының қарқынды дамуы байқалуда. Яғни, есептік кезеңде ШОК субъектілерінің тіркелгендер саны 43 867 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға өсіп отыр. Соның ішінде ШОК субъектілерінің жұмыс істеп тұрғандар саны қала бойынша өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға артып 33 142 бірлікті құрады.
Атап өтетін жайт, Қазақстанда жеке кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан едәуір қаржылық және қаржылық емес қолдау түрлері көрсетіледі.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау шараларын түсіндіру жүргізу мақсатында қала және қалаға қарасты ауылдық округтер тұрғындары арасында ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Соның ішінде 2017 жылғы 6 қыркүйек күні қала әкімдігінің ғимаратында қалалық әкімдік «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ жергілікті өкілдігімен бірлесіп ісін жаңадан бастаушы және іс-әрекеттегі кәсіпкерлерге арнап «Даму» Қорының Бас кеңсесі басшылығымен кездесу ұйымдастырылды.
Бұл кездесудің басты мақсаты «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асырудың қолданыстағы шарттары мен механизмдері бойынша қолдау шараларын түсіндіру болып табылады.
Кездесуге «Даму» КДҚ» АҚ Бағдарламалық құралдар департаментінің директоры Р.Исмаилов, «Даму» КДҚ» АҚ жергілікті өкілдігі директорының м.а. А.Байдаулетова, қала әкімінің орынбасары Р.Айдашева, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы А.Даржанова, сондай-ақ ісін жаңадан бастаушы, іс-әрекеттегі және жас кәсіпкерлер, мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Сонымен бірге, кездесу барысында «Халық банкі» АҚ АФ өкілі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы өңірлік бағдарламасын таныстыру бойынша баяндама жасады.
Кездесу есігі баршаға ашық. Келіп қатысып, қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға мүмкіндігіңіз бар.

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50