Қазақша   Русский

RSS-лента

Благодар ауылдық округінде тұрғындырмен қала әкімі және құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесу өтті

Ақтөбе қ. әкімдігі, қалалық прокуратура, қалалық ІІБ, Жергілікті полиция қызметімен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Новый және Сазды ауылдық округтерінің тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланды.
Осы кездесулер қала әкімі және құқық қорғау органдарының басшыларымен азаматтардың құқықтық білімдерін арттыру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерін жеңу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты дамыту, тәртіпсіздікке және құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың, сондай-ақ қоғамдық пікірді зерттеу, мәселелерді шешу бақылау, мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында өз сөзінде атап өткендей, «азаматтар әр кез құлағдар емес, өздерінің заңдардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін білмейді. Сондықтан түсіндіру жұмыстары ерекше назар аударуды қажет етеді».
Бірінші жоспарланған халықпен кездесу биыл К. Нокин ауылында, Благодар ауылдық округінің тұрғындарымен Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе ауылшаруашылық колледж ғимаратында өтті. Іс-шараға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, қала прокуроры Ғани Әміров, Ақтөбе қ. ІІБ басшысы Бағланбек Құрманалин, ЖПҚ жетекшісі Қанат Әлиев, қалалық мекемелер мен қызметтердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Благодар ауылдық округі елді мекендердің тұрғындарына құқық қорғау органдарының жұмысы бойынша,сонымен қатар елді мекендерінің абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамту туралы қызықтыратын сұрақтарды қөю мүмкіндік болды.
Сондай-ақ, алдыңғы есеп беру кездесулерінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жұмыс нәтижелері айтылды.
Кездесу барысында жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіру, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және «Нұрлы жер» бағдарламасына ерекше назар аударылды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50