Қазақша   Русский

RSS-лента

Журналисттерді көп функционалды спорт алаңдарының құрылысымен танысты

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімдігі және "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС өкілі Г. Борашевамен "Менің елім" әлеуметтік инвестиция бағдарламасы бойынша "Samryk-KazynaTrust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен бірлесе отырып салынып отырған көпфункционалды спорт алаңдарының құрылысымен танысты.
Қазіргі уақытта қалалықтардың тұрғылықты жері бойынша спортпен шұғылдануы үшін көше және аула спорт алаңдарының желісін дамытуға ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылы қаланың түрлі аудандарында, сондай-ақ, 4 ауылдық округтерінде 17 заманауи спорт алаңдарының құрылысы жүргізілуде.
Қала әкімдігімен "Менің елім" әлеуметтік инвестиция бағдарламасы бойынша "Samryk-KazynaTrust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен бірлесе отырып, Ақтөбе қаласында ағымдағы жылдың маусым айының ортасынан бастап 5 көп функционалды (хоккей, футбол, баскетбол, воркаут, көшедегі жаттығу құрылғылары) көлемі 20х40 метр спорт алаңдарының құрылысы басталды. Аталған бағдарлама адами капиталды дамыту және өңірде қолайлы жағдай жасау үшін бағыттылған.
Бүгін үш спорт алаңына барды. Олардың құрылысы қала әкімдігімен "Samryk-KazynaTrust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе отырып жүргізілуде. Осы спорт алаңдары аяқталу сатысында тұр. Олар Т.Ахтанов к-сі, 50 мекен-жайындағы №6 мектептің жанында орналасқан саябақта, «Болашақ» ықшам ауданындағы Бөкенбай батыр көшесінің бойындағы саябақта және Гришин көшесінің аумағында орналасқан. Бүгінгі күні Қарғалы ауылдық округінде орналасқан Сәтбаев, 52 көшесінде және Ақтөбе қаласындағы Абай даңғылында 25 және 30 мектептердің аумағында басқа екі спорт алаңдарының құрылысы жүріп жатыр. Тағы 12 заманауи спорт алаңы (воркаут және стритбол) Ақтөбе қалалық бюджет есебінен салынуда. Бұдан басқа, 4 спорт алаңында мүгедектер үшін қосымша жаттығу құралдары орнатылады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе қаласында 2017 жылда спорттық нысандар саны 509 бірлікті құрайды (+25). Олардың ішінде: 11 спорт кешені (+1), 202 спорт залы (+8) және 264 жазық құрылым (+13). Құрылымдардың сыйымдылығы 32 мың адамнан асады. Ақтөбе қаласы әкімдігі спорттық-сауықтыру кешенін дамытудың және тұрақты дене шынықтыру мен спортқа халықты жасына қарамастан тарту кешенді бағдарламасын белсенді іске асыруда. Спорт объектілерінің жетіспеушілігі мен проблемаларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде жобалар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы Ақтөбеде 11-ші шағын ауданда МЖӘ шеңберінде хоккей модулі салынды, Мұз сарайы, жекпе-жек сарайы, Теннис орталығы мен Жазғы су паркі ойын-сауық кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Қалада 15 спорт мектебі, Олимпиадалық резервтік оқу орталығы және жоғары спорттық шеберлік мектебі,мұнда 60-тан астам спорт түрі бар. Сондай-ақ, біздің қалада 5 аула клубы бар. Бүгінгі күні Ақтөбе қаласында дене шынықтыру мен спортты қамту жалпы халықтың 30,1% -ын (30% жоспарымен) немесе 137 мыңнан астам адамды құрайды.

2016 жылдың соңында «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы басталды. Бағдарламаның үйлестірушісі - «Самұрық-Қазына» қорының әлеуметтік жобаларын дамыту корпоративтік қоры.
2010 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде Қор қызметінің арқасында 400 мыңнан астам адам қайырымдылық көмек алды. Қордың бенефициарлары халықтың әлеуметтік осал топтары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, күрделі диагнозы бар балалар, белсенді жастар, спорттық қоғамдастық, балалар үйлері, шығармашылық және ғылыми зиялы азаматтар.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50