Қазақша   Русский

RSS-лента

9-қыркүйектен бастап Ақтөбеде күзгі тазалық 2 айлығы басталады

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі И.Испановтің төрағалығымен дәстүрлі күзгі Ақтөбе қаласын, ауылдық елді-мекендерді көркейту, санитарлық тазалау бойынша, қала кәсіпорындар, қалалық мекеме, басқарушы компаниялар басшыларымен жиналыс өткізілді.
2017 жылғы 4 қыркүйекте қала әкімдігінің № 4782 Қаулысымен 9 қыркүйектен 9 қараша аралығында Ақтөбе қаласында, ауылдық елді-мекендерде көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнінде екі айлық жарияланды.
Меншік түріне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары екі айлық кезінде іргелес жатқан аумақтарын санитарлық тазалау, қоқыс шығару, көркейту және көгалдандыру бойынша қажетті жұмыстарды орындауға өз ұжымдарының қатысуын қамтамасыз етулерін сұраймыз.
Екі айлықтың кезеңінде, келесідей іс-шараларды жүргізу қажет:
қала және ауылдық округтердегі аумақтарды жиналып қалған қоқыстардан тазарту;
-бей-берекет қоқыс үйінділерін жою;
-кәсіпорындар, ұйымдар, кәсіпкерлік нысандарға іргелес жатқан аумақтарын, сонымен қатар өз нысандарына іргелес жатқан аумақтарды тәртіпке келтірулері қажет;
-көпқабатты және жеке тұрғын үй құрылысы массивіндегі аулалық және аула маңындағы аумақты тәртіпке келтіру қажет;
Екі айлық кезінде қалалық қоқыс полигонына қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау ақысыз жүргізілетін болады.

Ақтөбе қаласының тұрғындарын осы қаланы тазалау акциясына өз үлестерін қосуын сұраймыз.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50