Қазақша   Русский

RSS-лента

Басты мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету

2015 жылғы 10 тамызындағы Ақтөбе қаласы әкімдігінің №3229 қаулысымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру мақсатында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен пайдалануда.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мақсатында пара алу мен пара берудің жазаланушылығы жөнінде арнайы парақшалар мекеменің қабылдау бөлмесінде орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі маңызды іс-шаралардың бірі жеке мен заңды тұлғалар арыздарын қарау нәтижелеріне мониторинг және тұлғалар жүгінісінің бірыңғай есепке алу бағдарламасы бойынша есеп жүргізу жүйесінің тиімділігі болып табылады. Аталған есеп ай сайын «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы» ММ-не электронды пошта арқылы тапсырылады.
Бөлімнің мемлекеттік сатып алулары қолданыстағы заңнамаларға сәйкес электронды түрде жүргізіледі.
ҚР ұлттық экономика министрінің міндетін арқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №275 бұйрығымен бекітілген стандарт бойынша «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Жыл басынан келесі елді мекендерде орналасқан мекемелер бойынша (Новый, Қарғалы, Қурайлы, Сазды, Благодар ауылдық округтер) білім беру саласының 30 маманы, денсаулық сақтау саласының 2 маманы, мәдениет саласының 1 маманының өтініштері қабылданып, барлығы 33 маманға 5241,4 мың тенге көтерме жәрдемақы төленді.

«Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ- мен бірге мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір мәселелері бойынша тәжірибе алмасу үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша кеңес алуға келген мамандарға толық және анық түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. (қосымша суреттер1,2)
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет электрондық және қағаз түрінде көрсетілуде. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін қызметті берушінің кеңсесінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» (ХҚКО) арқылы жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер қала әкімінің (www.akimataktobe.kz) интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда.

«Ақтөбе қаласының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ,
сектор меңгерушісі
Р.Избасканова

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50