Қазақша   Русский

RSS-лента

Кәсіпкерлерге көмек

Ақтөбе қаласы бойынша тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерінің, трактор тіркемелерінің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ , өтініштерді қабылдау мен дайын құжаттарды беру тікелей қызмет көрсетуші мекеменің кеңсесі арқылы жүргізіледі.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – машиналардың кепіл шартын мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру.
- Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: - қағаз түрінде..
- Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет тек Ақтөбе қаласында тіркеуде тұрған арнайы техника үшін көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушы бюджетке төлейтін мемлекеттік тіркеу алымы ;
-жеке тұлғалар үшін әрбір шартқа – 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
-заңды тұлғалар үшін әрбір шартқа – 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
-қызмет берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні;
Ұсынылған құжаттардың стандарт талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда, қызмет беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат, ал өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат,,
тіркеу алымын бюджетке төлегендігін растайтын құжат
кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары бар өзге шарттардың түпнұсқасы мен көшірмесі, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт
барлық ортақ меншік иелерінің кепілге қоюға келісетіндігі туралы құжат

МЕКЕН- ЖАЙЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

«Ақтөбе қаласының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- Ақтөбе қаласы Алтынсарин көшесі 2 үйде 1 қабатта орналасқан.
- демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
- құжаттарды қабылдау №18 кабинетте алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50