Қазақша   Русский

RSS-лента

«Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеуге арналған «Келіндер шеруі» байқауы аясында салтанатты шеру өткізу кезінде жол қозғалысын жабу және жол қауіпсіздігі туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеуге арналған «Келіндер шеруі» байқауы аясында салтанатты шеру өткізілуіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылғы 8 қыркүйекте сағат 16.30-дан 18.30-ға дейінгі аралықта Әбілқайыр хан даңғылының бойында М.Оспанов көшесінен Ғ.Жұбанова көшесіне дейін, Ғ.Жұбанова көшесінен М.Мәметова көшесіне дейін (тақ жағы) көліктің барлық түрінің қозғалысы жабылсын.
2. Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының ҚЖТИ-ға «Табыс Актобе» ЖШС-мен бірге осы учаскеде тиісті белгілер мен қоршаулар қоюға ұсыныс жасалсын.
3. «Ақтөбе қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге параллель көшелер бойынша қоғамдық көлік қозғалысының уақытша сызбасын әзірлесін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ж.Б. Баирхановқа жүктелсін.

Қала әкімі
І.Испанов

Жоба ұсынады:
қала әкімі аппаратының өндірістік
сала бөлімінің басшысы
Ж.Утеулин

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50