Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай өткізілген іс-шара

Ақтөбе қаласының әкімдігі мен «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының аумағында барлық мекемелер мен оқу орындарында, ауылдық округтерде 11-15 қыркүйек аралығында өткізілетін «Мемлекеттік тіл-ұлт бірлігінің басты факторы» атты апталықтың іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген жоспар аясында №57 жалпы білім беретін орта мектебінде «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты тіл апталығының ашылу салтанатына орай әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
Шараның мақсаты - оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Шара барысында «Тілдер күні» мерекесіне орай «Тілге құрмет, елге құрмет» кітап көрмесі, «Тіл –тіршіліктің бастауы» қабырға газеті, «Тіл –тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» интеллектуалды ойын 5-6 кластар,«We Know all Language» тақырыбында танымдық сабақ 6 кластар, «Своя игра» Веселый лингвист 10-11 класс «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» танымдық сабақ 9-10 класс «Our Language world» сайыс сабақ 8-9 кластарда ұйымдастыру жоспарланып отыр. Апта соңында «Ана тілім асыл қазынам» тіл мүшәйрасы мен «Тілім менің тірегім» класс сағаттары өткізіледі.

Тілдерді дамыту бөлімі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50