Қазақша   Русский

RSS-лента

Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының міндеттерін іске асыруы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы бойынша «Нұр Отан» АҚФ тақылдады

Бүгін «Нұр Отан» АҚФ Ақтөбе қаласының әкімі І. Испанов төрағалығымен басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау туралы кеңес өтті.
Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған жолдауы жарық көрді. Мемлекеттік басшысының Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталған құжат болып табылады. Осы құжатта Елбасы қазақ халқының бәсекеге қабілетілігін дамыту маңыздылығын көрсетіп, бірқатар нақты тапсырма берді.
6 ақпан күні Жолдауды талқылау және кең көлемді түсіндіруін жоспарлау мақсатында қала әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өткізілді.
Аталған мәжілісте қала тұрғындарына мақаланы түсіндіру мақсатында құрамына қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындардың басшылары, қаладағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіретін қала әкімі жанындағы 25 ақпараттық топ құрылды.
Ақпараттық топтар қаланың барлық ірі кәсіпорындарында, ұйымдарда, мекемелерде, жоғары және арнаулы оқу орындарында, еңбек ұжымдарында кездесу өткізіп отырады.
Ақпараттық-түсіндіру топ жылдың басынан бері 125 кездесу ұйымдастырып, 10 000 астам адам қамтыды.
Еңбек ұжымдарымен кездесулерінен бөлек Жолдауды ақпараттық сүйемелдеу бойынша науқан БАҚ арқылы жүргізілуде, жергілікті БАҚ беттерінде тек мемлекеттік тапсырыс аясында 100 астам мақала жарияланды, жергілікті телеарналарда күн сайын Елбасы тапсырмаларының орындалуы жөнінде ақпараттық сюжеттер көрсетілуде.
БАҚ-тан тыс сыртқы жарнама бойынша жұмыстар атқарылуда, жылдың басынан бері қала аумағында жолдауға және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған 100-ден астам баннер орналастырылды.
Өз Жолдауында Елбасы басты 5 басымдықты айқындады. Бұл бағыттар бойынша жергілікті атқарушы органдарымен ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
1)экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту, айти технологияларды дамыту;
Бүгінгі күні «Ел Айна» Ақтөбенің ақылды қала концепциясының дайындалуы және енгізілуі бойынша жұмыс жүргізілуде.
Концепцияның жүзеге асырылуы «Сандық Қазақстан» Мемлекеттік Бағдарламасына сәйкес өтуде.
«Ел айна» жүйесі қаланың тіршілігіне қатысты түрлі ақпараттардың орталықтандырылған тәсілмен жиналу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осыған орай, аталған концепцияны жүзеге асыру нәтижесінде қаланың қауіпсіздік деңгейі көтеріледі; қала тұрғындарына арналған жаңа сауда және әлеуметтік бағдармалар, сондай-ақ, Ақтөбе экономикасының дамуына инвестиция тартатын инновациялық қызмет саласы пайда болады.
Қазіргі таңда Әкімдіктің барлық қызмет және құрылымдылық бөлімшелердің автоматтандырылған жұмыс орындары іске асырылуда – тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, сәулет, білім және т.б.
Барлық қала мектептерінде «Білім ал» АЖ-нің енгізілуі жалғасуда, өткен жылы бұл жүйе 21 қала мектептерінде енгізілді.
«Білім ал» АЖ-нің енгізілуі оқу процесін автоматтандыруға, оқу-әдістемелік жиынтық, күнделік, есептік құжаттаманың электронды форматына көшуіне, соның нәтижесінде қағаздың және шығынның үнемделуіне, есеп беру уақытының азаюына мүмкіндік береді.
Өзіңізге белгілі, сапалы көліктер және жолдар өңірдің даму белгілерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда, қала әкімдігімен «қауіпсіз автобустар және такси», «ақылды аялдамалар», «ақылды көлікті қоятын орындар», «ақылды бағдаршамдар», «велосипед жолдарын» қосатын интелектуалды көлік жүйесі дайындалған, осының барлығын диспетчерлік қызметінің орталығы біріктіреді.
Бүгінгі күнде жолаушыларға қоғамдық көліктерді бақылауға, жол жүру кезінде оңтайлы бағытты таңдауға, уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін жүйенің мобильді нұсқасын дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.
2 – 3 бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту және макроэкономикалық тұрақтылық
Ақтөбе қаласы экономикасының алға бағытталған дамуының ажырамас шарты шағын және орта бизнес субъектілері қызметінің жандануы және бизнес қолдаудың инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
2017 жылдың 1 шілдесінде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 43,6 мың бірлікке жетті, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 5,3%-ға артық, соның ішінде іске қосылған кәсіпкерлік объектілері – 32,8 мың бірлікті қамтиды, бұл өткен кезеңге қарағанда 9,6%-ға артық болып есептеледі.
Өнеркәсіптік өндіріс қала экономикасының негізі болып табылады. Қазіргі уақтта өнеркәсіптік өнімнің өндірісімен 350 өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістер айналысуда.
Жыл басынан бері өнеркәсіптік кәсіпорындармен 253,2 млрд. теңгеге өнім шығарылған, индекстің нақты көлемі 111,6% құрайды.
Соңғы жылдары қалада негізгі капиталға инвестицияларды тарту өсімінің тұрақты тенденциясы сақталған.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде негізгі капиталға 54,1 млрд. теңге көлемінде инвестициялар салынған, бұл жалпы облыстық инвестициялар көлемінен 33,7% құрайды, индекстің нақты көлемі 100,8%.
Бүгінгі күні қаланың агроөнеркәсіп кешеніндегі жағдай өндірістің серпінді дамуымен, оның тиімділігінің артуымен, қаржы қызметі нарығының дамуымен және ауыл тұрғындарының өмір сапасының жақсаруымен сипатталады.
Ауылшаруашылық өнімдердің өндіріс көлемін арттыру 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында ауыл шаруашылық өнімдердің жалпы көлемінің 4,3% өсуіне мүмкіндік берді (облыс бойынша ИФО – 103,4%), бұл 4,6 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде:
Өсімдік шаруашылығының көлемі – 0,3 млрд. тенге, ИФО – 100,0%;
Мал шаруашылығының көлемі – 4,3 млрд. тенге, ИФО – 104,4%.
2017 жылы егін алқабы 27,1 мың.га дейін жеткізілді ( 2016 жылы 22,5 мың га) немесе 4,6 мың га – 20,4 % артқан. Сондай-ақ 2016 жылмен салыстырғанда суармалы жерлердің алаңы 3557 ден 3689 га артқанын (өсім 132 га) айта кету керек.
4) адами капитал сапасын жақсарту
Елімізде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қарқынды жұмыстану жұмыстары жүргізілді. Жаңа мазмұнды бағдарламаны енгізу бойынша Республика көлемінде эксперименталды 30 пилоттық ұйым қатарына енген Ақтөбе қаласының №9 орта мектеп гимназиясы мен Новый орта мектебі үздік ұйымдар қатарында.
Үш тілдік жұмысы бірнеше жыл қатарынан №21 орта мектеп гимназиясы мен №9 орта мектеп гимназияларында жүргізіліп келеді. Сондай – ақ:
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша эксперименталдық мектептер бекітілді.
Облыс бойынша 76 эксперименталдық мектеп болса, оның 33-і қалаға тиесілі. 4 пәнді ағылшын тілінде өткізетін мұғалімдерді қайта даярлаудан өткізу жұмыстары жалғастырылып жатыр. 122 пән мұғалімдері жұмысты бастауға дайын екені анық.
Еңбек нарығында белсенді саясатты жүргізу және жаңа құрылыс нысандарды пайдалануының іске қосылуын жалғастыру нәтижесінде 2017 жылдың 1 шілдесінде 3900 жаңа бос орынның пайда болуына мүмкіндік берді. 2017 жылда қала мекемелері және кәсіпорындарда 9450 бос жұмыс орындардың ашылуы жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2017 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Кешенді жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласында Жұмыспен қамту орталығының жолдама беру арқылы жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтушы, аз қамтылғандар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 1428 бірлік құрылып, 86 жоба бойынша 7 мемлекеттік және салалық бағдармалардың іске асырылуы қарастырылған. 2017 жылдың 1 шілдесі бойынша Жұмыспен қамту орталығының жолдама беруі арқылы 532 адам жұмысқа орналасты.
5) институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
«Туған жер» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» акциясы жандандырылып, мектеп сайттарында түлектер беті ашылып, өзара байланыс тығыз орнатылды. Жалпы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 1 млрд 500 млн теңгеге жұмыс атқарылды.
Елбасының биылғы Жолдауы - Қазақстан үшін жаңғырудың Үшінші кезеңіне көшу арқылы жаһандық технологиялық бәсекелестікке ұмтылуға негізделеді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50