Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде 16 қыркүйектен күзгі көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу басталады

Қала тұрғындарын жаңа сапалы тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар көп шоғырланған аудандарда, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын күзгі көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу бастау алады.
Алғашқы жәрмеңкелер 16 қыркүйек күні «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында (№23 үйдің жанында), «Алтай», «Аида», «Достан» (Ерназаров к., 47, Орталық базардың артқы жағында), «Табыс» базарларында және Қарғала селолық округінде өтеді.
Қала тұрғындарына жәрмеңкелерде тұрақтандыру қорының тауарлары, өңіраралық кооперация шеңберінде басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және өзіміздің жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылады («Рамазан», «Айс плюс», «Анвар», «Базарларды басқару», «Аққұс», «Атамекен нан-2000», «АгроОптСервис», «Жазык Групп» ЖШС және т.б.).
Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері базар бағаларынан 10-15 пайызға төмен сатылады. Қала тұрғындарын аталмыш жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алуға шақырамыз.

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50