Қазақша   Русский

RSS-лента

Қала әкімі мобильді топтарға қала көшелерін көркейту ережесін және санитарлық тәртіпті бұзушыларға талаптарды қатайту жұмыстарын тапсырды

Бүгін қала әкімі І.Испанов 9 қыркүйек пен 9 қараша аралығында қала аумағында екі айлық жарияланғандығының аясында абаттандыру, санитарлық тазалау және қаланы және ауылдық елді мекендерді көгалдандыру мониторинг жұмыстарды күшейту бойынша 14 мобильді топ мүшелерімен кеңес өткізді. Кеңес барысында қала әкімі бірқатар мобильдік топтардың жұмысы туралы есепті тыңдады.
Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес қала әкімі І.Испановтың Ақтөбе қаласы аумағын көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру мәселелері бойынша 14 қалалық мобильдік тобы құрылып, оларға қаланың 60-көшесі бекітілді.
Мобильдік топтардың құрамына қалалық мекемелер, құқық қорғау органдары мен басқарушы компаниялар өкілдері енгізілді.
Мобильдік топтар қала мен ауылдық елді мекендерде орналасқан нысандардың сәулет келбетін, ғимараттардың қасбеттерін, қала көшелерінде орналасқан жарнамалардың жағдайын, аумақтардың көгалдандыруын, абаттандыруын және көшелердің, жолдардың, жарықтандырудың жағдайын зерделейді.
Бүгінгі күні жұмылдыру тобы Ақтөбе қаласының жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары және оның бөлімшелерімен бірге бекітіліп берілген учаскелерді аралау бойынша рейд ұйымдастырылып жүргізілуде.
Шағын және орта бизнес басшыларына және жеке сектор тұрғындарына нұсқамалар беріліп, Абаттандыру ережесі бұзылған жағдайда ескерту түрінде әкімшілік шаралар немесе айыппұл түрінде шаралар қолданылады.
Қазіргі уақытта рейдтің нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласының жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары және оның бөлімшелері тарапынан 29 ескерту жасалып, 158 000 көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 2017 жылғы 4 қыркүйекте қала әкімдігінің № 4782 Қаулысымен 9 қыркүйектен бастап 9 қараша аралығында Ақтөбе қаласында, ауылдық елді-мекендерде көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнінде жалпы қалалық екі айлық сенбілік жарияланды. Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі І. Испанов мобильді топтарға жұмысын күшейту,күн сайынғы рейдтер жүргізу, сондай-ақ ғимарат және кәсіпкерлік объектілердің меншік иелерімен түсіндіру жұмыстарын өткізуге, абаттандыру Ережесін бұзғандарға талаптарды қатайту, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін сақтамау үшін айыппұл енгізу бойынша қатаң шаралар қабылдауға тапсырма берді.
Өткен сенбілік көрсеткендей, қалада және ауылдық елді мекендерде санитарлық тәртіпке және тазалығына келтіру әлі де көптеген орындары талап ету қажет. Себебі, өткен сенбілікте ҚТҚ полигонына 100 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Екі айлық сенбілік кезінде қалалық қоқыс полигонына қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау ақысыз жүргізілетін болады.
Ақтөбе қаласының тұрғындарын осы қаланы тазалау акциясына дәстүрлі сенбілікке белсене қатысуын және өз үлестерін қосуын сұраймыз.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50