Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде «Мемлекеттік тіл-ұлт бірлігінің басты факторы» тақырыбында салтанатты мерекелік бағдарлама өтті

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, мерейін үстем ететін сәттің бірі, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтейтін күннің бірі - Қазақстан халқы тілдерінің күні. Тіл қай халықтың болмасын рухани қазынасы. Дәстүрді құрметтеу, мәдениетті қастерлеу – тілмен келетін, тілмен сіңетін, тілмен қалыптасатын құбылыс. Бұл күні қалалық, облыстық, республикалық көлемде әр түрлі мерекелік шаралар атап өтіледі.
Ақтөбе қаласы әкімдігі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының аумағында барлық мекемелер мен оқу орындарында, селолық округтерде 11-14 қыркүйек аралығында өткізілетін «Мемлекеттік тіл-ұлт бірлігінің басты факторы» атты апталықтың іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға ғылыми - практикалық конференция, мәнерлеп оқу, дөңгелек үстел отырысы, әдеби танымдық кештер, бейнероликтер презентациясы, салтанатты мерекелік бағдарлама сияқты іс-шаралар енгізілді. Тіл мерекесіне қала мекемелері мен оқу орындары белсенді түрде қатысып, селолық округтерде, жоғарғы және арнаулы оқу орындарында, мектептерде мемлекеттік тілді дәріптеу және насихаттау бағытында «Мәңгілік тіл-менің тілім», «Тіліміздің тағдыры-еліміздің тағдыры», «Тіл-ұлттың тірегі, рухы мен намысы» т.б мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бүгін «Мемлекеттік тіл-ұлт бірлігінің басты факторы» тақырыбында салтанатты мерекелік бағдарлама өткізілді. Бұл шараға қаламыздың құрметті азаматтары, мекеме мен кәсіпорын басшылары, оқытушылар, ұстаздар қауымы және де тілдің дамуына, қолданылу аясының кеңеюіне белсенді үлес қосып жүрген тіл жанашырлары мен тіл мамандары қатысты.
Мерекелік шарада Халықтық ұжым «Әлия Гүлі» би ансамблі, Қазанғап атындағы өнер мектебінің ұлт аспаптар оркестрі, Жетесовтер отбасылық ансамблі, «Арай» би ұжымы, «Сұңқар» вокалды ансамблі, ВИА ансамблдері өнер көрсетті. Бағдарлама Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Оразбаева ЛаззатАманжолқызының құттықтау сөзімен ашылды.
Мерекелік кеш қаламыздағы жергілікті әншілер мен ұлттық мәдени орталықтардың өнерпаздарының өнерлерін тамашалаумен жалғасты.
Тілді жеке бір адам жасай алмайды, оның түпкі иесі – халық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Қазынаны көздің қарашығындай сақтау Қазақстан азаматымын деген әрқайсысымыздың міндетіміз.

Қалалық тілдерді дамыту бөлімі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50