Қазақша   Русский

RSS-лента

Қала әкімі және құқық қорғау органдарының басшылары ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Ақтөбе қ. әкімі Ілияс Испановпен қалалық прокуратура, қалалық ІІБ, жергілікті полиция қызметімен облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Новый және Сазды ауылдық округтерінің тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланды.
Жоспарланған бірінші кездесу Благодар ауылдық округінің тұрғындарымен өтті, ал бүгін Заречный ауылында № 55 мектеп ғимаратында Қарғалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу болды.
Осы кездесулер қала әкімі және құқық қорғау органдарының басшыларымен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты дамыту, тәртіпсіздікке және құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың, сондай-ақ қоғамдық пікірді зерттеу, мәселелерді шешу бақылау, мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында өз сөзінде атап өткендей, «азаматтар заң талаптарынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін білу үшін түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аудару қажет етеді».
Іс-шараға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, қала прокуроры Ғани Әміров, ЖПҚ жетекшісі Қанат Әлиев, қалалық мекемелер мен қызметтердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қарғалы ауылдық округі елді мекендердің тұрғындарына құқық қорғау органдарының жұмысы бойынша,сонымен қатар елді мекендерінің абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамту туралы қызықтыратын сұрақтарды қөю мүмкіндігі болды.
Кездесу барысында «2017-2021 жылдарға Ауыл шаруашылығын қолдау», «Бизнестің жол картасы», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік», «Нұрлы жер», «Қолжетімді тұрғын үй» және т.б. мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіруіне ерекше назар аударылды. Осы бағдарламалардың ақпаратымен қалалық ауыл шаруашылығы (М. Тоқбулатов), кәсіпкерлік (Р. Әжниязов), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (Н.Бөртебаева), жер қатынастары (Ұ. Мыңбаев), сектор тұрғын үй қорының бөлімінің (Ж. Дүйсекенова) басшылары сөз сөйледі.
Сондай-ақ, Қарғалы ауылдық округінің проблемалық мәселелерді жүзеге асыруы қаралды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50