Қазақша   Русский

RSS-лента

«Туған жерім — нұрлы елім» атты Ақтөбе қаласындағы Мұғалжар ауданының күндерін өткізу іс-шараларының бағдарламасы

15 қыркүйек
10.00 — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универстетінде «Туған өлкенің қос жұлдызы» шарасы: гүл шоқтарын қою рәсімі; кәсіби суретші Жәнібек Есенғұловтың сурет көрмесі; ағайынды Жұбановтар Мемориалдық музейінің жылжымалы көрмесі; Жұбановтардың ұрпақтарымен кездесу; тоғызқұмалақ, үстел тенисі, шахматтан университет студенттері арасында жарыс (бағалы сыйлықтар).
11.00 — «Қайырымдылық жылы жүректен» атты қайырымдылық шарасы: «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау; орталығындағы» мүмкіндігі шектеулі адамдарға концерттік бағдарлама қою; мүмкіндігі шектеулі жандарға косметологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; Ақтөбе қаласының сал азаматтарды қолдау орталығына бағалы және ақшалай сыйлық табыстау.
Өтетін орны: «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау; орталығы».
14.00 — М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа үлгі» шарасы: гүл шоқтарын қою; әскери әдіс-тәсіл көрсету; концерттік бағдарлама; М.Бөкенбаевтың ұрпақтарымен кездесу; мұғалжарлықтар мен институт курсанттары арасында волейболдан жолдастық кездесу; институт курсанттарының ұйымдастыруымен қоян-қолтық күрестен үлгілік өнер көрсету.
16.00 — «Шәмшінің әні» спектаклі.
Өтетін орны: Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры.
19.00 — «Сол бір кез есімде...» ретро ән-би кеші.
Өтетін орны: Пушкин саябағы.

16 қыркүйек
08.00 — «Өрісі өркендеген Мұғалжар» ауылшаруашылық жәрмеңкесі:
— ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі; концерттік бағдарлама; базар алаңында ұлттық спорт түрлерінен спорттық сайыс ұйымдастыру; су тасқынынан зардап шеккен, тұрмысы төмен, көпбалалы 20 отбасыға азық-түлік тарату; халыққа тегін дәм ұсыну ұйымдастыру.
Өтетін орны: «Табыс» коммуналдық базары.
10.00 — «Мәңгі өшпес есімдері» атты көше мерекесі: концерттік бағдарлама; көше тұрғындарын түрлі номинациялар бойынша марапаттау, ақшалай ұтыс ойыны; тоғызқұмалақ, дойбы, шахматтан шеберлік класстары; қолөнерден шеберлік класстары; балаларға арналған шара; көше тұрғындарына дәм тарату, арнайы тігілген киіз үйде ас беру; флешмоб; көрермендерге күнтізбелер тарату.
Өтетін орны: Ағайынды Жұбановтар көшесі
18.00 — «Мұғалжар — туған байтағым» атты қорытынды мәдени-көпшілік шарасы:
этноауылда салт-дәстүр көріністері; көрермендер арасында «Түйе палуан» ұлттық ойыны; суретшілер Есет Исмаилов пен Дина Умарованың сурет көрмелері; театрландырылған көрініс; қазақ эстрадасының жұлдыздары Жанболат пен Жазира және ауданнан шыққан республикаға, облысқа танымал өнерпаздардың гала концерті; мерекелік от шашу
Өтетін орны: Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50