Қазақша   Русский

RSS-лента

16 қыркүйек күні барлығыңызды сенбілікте күтудеміз

Ақтөбеде күзгі сенбіліктер жалғасуда. 60 көше бекітіліп берілген 14 мобилдік топтар күн сайын бекітілген аумақта жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының көріктендіру ережелерін және санитарлық тәртіпті қадағалайды. Мобилдік топтың құрамына қалалық әкімдіктің, мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының және басқарушы компаниялардың өкілдері кірді.
Ақтөбе облысы әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, мобильдік топтар Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың өкімімен құрылды.
Сонымен, № 3 мобилдік топ өзіне бекітілген Әбилқайыр хан даңғылының аумақ шекарасында М. Оспанов көшесінен Пацаев к-не дейін, Ғ. Жұбанова көшесі, 101 –ші атқыштар бригадасының және т. б. көшелер Сәтпаев көшесінде рейд өткізді. Рейдте басқарушы компаниялардың жетекшісі Александр Лисицкий қатысты.
Мобильдік топ жетекшісі Азамат Таспеновтың айтуынша, олар абаттандыру Ережесін, санитарлық жағдайын, сәулеттік бейнесін, оның ішінде шағын және орта бизнестің объектілерін, жарнамалық конструкциялардың жағдайын, сондай-ақ, көшелердің, жолдардың, жарықтандыруды бұзушылықтарды анықтау жөніндегі күн сайын рейдтік іс-шаралар бойынша бекітілген учаскелерді аралау жұмыстарын өткізуде. Сонымен қатар, объектілер иелерімен екі айлық сенбіліктерге қатысу туралы, тәртіпке келтіру қажеттілігін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қалада азаматтарды және бизнес объектілері иелерін ескі жиһазды, көне тоңазытқыштар, сантехника, орама қорап, жөндеу қалдықтарын, құрылыс заттырды контейнерлік алаңдарда жинау үшін жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Осы себептен контейнерлік алаңдар жиңақталып, стихиялық қоқыс тастайтын жерлерді құрайды, олардың фотосуреттер және бейнелері әлеуметтік желілерді толтырды. ҚТҚ шығару айналысатын кәсіпорындарға, ірі көлемді қоқыстарды қосымша шығаруды ұйымдастыруға тура келеді, өйткені техникалық себептер бойынша қоқыс тасушылар оны алып тастауға бейімделмеген.
«Табыс Ақтөбе» ЖШС бысшысының орынбасары Александр Лисицкийдің айтуынша, тұрғындардың өздері қоқыс шығаратын кәсіпорындармен жеке келісімдер негізінде, әсіресе, екі айлық кезеңде олар ақысыз қоқыс шығарады, немесе қатты тұрмыстық қоқыс полигонына өздері қоқыстарды шығаруға тиіс. Қазірдің өзінде 400-ден астам тәртіп бұзушы айыппұл төледі.
16 қыркүйекте дәстүрлі сенбілік өтеді. Қала тұрғындарын дәстүрлі сенбіліктерде Ақтөбе қаласын абаттандыруға, санитарлық тазалауға өз үлестерін қосуға белсенді қатысуға шақырамыз.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50