Қазақша   Русский

RSS-лента

Оқу орталықтарымен келісілген алғашқы меморандум

Ақтөбе қаласында 4 оқу орталықтары мен халықты жұмыспен қамту Орталығы арасында Меморандумға қол қойылды. Басты мақсаты - «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз, өзін – өзі қамтыған азаматтарды қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына оқытып, жұмысқа тұруда жәрдемдесу. 2017 жылы 667 адамды оқыту жоспарланған, соның ішінен 554 адам оқуға бағытталды.
Осыған сәйкес, қыркүйек - қазан айларында, қаламызға қарасты 4 оқу орталықтарында, яғни «Taksim Food Academy», «Дамыту», «Азайа» ЖШC және «Сервис и К» ЖШС-де еңбек нарығында сұранысқа ие тігінші, аспазшы, бармен, администратор, официант, өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарь, дәнекерлеуші мамандықтарынаоқуға ынта білдірген 220 адамды оқыту жоспарланып отыр.
Жоғарыда аталған оқу орталықтарының арасынан бірінші Меморандумға «Азайа» ЖШС – гі қол койып, «тігінші» мамандығын алуға ынта білдірген 30 адам оқытатын болады.
Меморандумның басты мақсаты – жоғарыда аталған оқу орталықтары азаматтарды қайта даярлау курстарында оқытып, аяқтаған соң жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін қарастырады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50