Қазақша   Русский

RSS-лента

Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар қызметіне жәрдемдесу,сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзгеде көмекті ұйымдастыру бойынша консультативті-кеңесші

Консультативті кеңесші органның міндетіне жергілікті атқарушы органдармен қылмыстық түзету мекемелері арасында жазасын өтеп жатқан және өтеп шыққан тұлғаларды еңбекке баулу және тұрмыстық жағдайды жақсарту бойынша өзара іс қимылдарды үйлестіру,оларға құқықтық, әлеуметтік, медициналық көмектер көрсету, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, спорт және мәдени шараларының ұйымдастыру, салихалы өмір салтын қалыптастыру үшін арналған түрлі шараларды өткізу жатады.
Бүгінгі отырыстың күн тәртібінде жазасын өтеп жатқан тұлғаларды жұмыс орындарымен қамту, олардың қолымен жасалып жатқан бұйымдарды өткізу және ВИЧ/СПИДті таратуды болдырмау,туберкулезді және басқа да жұқпалы аурулардың алдын-алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде мәселелер қаралды.
Түзету мекемесінің өндіріс аумағында жеке кәсіпкерлер жазасын өтеп жатқан тұлғаларды жұмысқа тарту арқылы өз өнімдерін өндіруде. Мысалы:
темір қақпалар, төсеніш тастар, қоқыс жәшіктері,сонымен бірге, төсектік бұйымдар,қолғаптар, арнайы киімдер, арнайы тапсырыс бойынша сувинерлік бұйымдар шығаратын цехтар жұмыс жасауда.

Кеңес мүшелері мекеменің өндірістік аумағын аралап, жазасын өтеп жатқан тұлғалардың қолымен жасалған бұйымдармен танысты. Өз кезегінде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өкілдері бүгінгі күнге жазасын өтеп жатқан тұлғаларды жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы және бүгінгі күннің өзекті мәселесі, жазасын өтеп жатқан тұлғалардың күшімен жасалған бұйымдарды өткізу екенін атап өтті.
Осыған байланысты, консультативті-кеңесші комиссияның шешімімен, «Еңбек-Ақтөбе»РММ–не, ҚР 21.07.2007 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, КА-168/2 мекемесінің аумағында орналасқан мекемелерден шығарылған бұйымдар туралы ақпаратты жариялау ұсынылды. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына аталған сұрақтың шешілуіне , орта және шағын бизнес субъектілерін тартуға ықпал ету ұсынылды. Сонымен бірге, жұмыспен қамту бөлімі мен түзету мекемелеріне жақын арада босап шығатын тұлғалармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50