Қазақша   Русский

RSS-лента

«Қолғанат Ақтөбе» Қоғамдық қорының баспасөз конференциясы өтті

Өткен Бейсенбіде «Қолғанат Ақтөбе» Қоғамдық қорының жұмыстарымен таныстыру және қазіргі және болашақта жасалатын жұмыстары туралы баспасөз конференциясы өткізді.
Іс- шараға Ақтөбе қалалық мәслихатаның хатшысы Шынтасова С.П., Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары Оразбаева Л.А., және Айдашева Р.А. , ауылдық округінің әкімдері, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету коммисия мүшелері, Қолғанат қорына ақшалай көмек көрсеткен ұйымдар мен тұлғалар, Қордан көмек алған азаматтар қатысты.
Модератор- Ирина Свитич,-Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы бойынша ҚІӘҚ төрағасының орынбасары.
Баспасөз конференцияның мақсаты БАҚ өкілдері мен жұртшылықты «Қолғанат Ақтөбе» Қоғамдық қорының жұмыстарымен таныстыру, көмек көрсетілген жандарға түскен және жұмсалған ақшалай қаржы туралы мәлімет беру және де қордың қазіргі және болашақта жасалатын жұмыстары туралы.
«Қолғанат Ақтөбе» Қоғамдық қоры қиын өмірлік жағдайға түсіп қалған жандарға дұрыс және орталықтандырылған көмек көрсету мақсатымен 2017 жылдың 17 қаңтарында құрылған. Қор өзінің толық жұмысын ағымдағы жылдың сәуір айында болған су тасқыны кезінде су тасқынының салдарын жою мен мұқтаж адамдарға көмектесу кезінде көрсетті. Сәуір айында «Қолғанат Ақтөбе» Қорына 253 054 мың теңге ақшалай қаржы түсті. Ең үлкен қаражаттарды «Мангистаумунайгаз» АҚ, - 53 млн. тенге, «СНПС-Актобемунайгаз» АҚ 50 млн. тенге, Халық Банкінің «Халык» қайырымдылық қоры – 10 млн. тенге, «Восток нефть» ЖШС – 7 млн. тенге, «Казахойл Актобе» ЖШС – 5 млн. тенге жіберді. Ақтөбенің қарапайым халқы – мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, Қазақстанның барлық қызмет көрсету қызметкерлері «Қолғанат Ақтөбе» Қорына бір күндік еңбекақысын жіберді. Ақтөбе қаласының университеттері, колледждері, Нұр Отан Партиясының Жас Отан жастар қанаты ерікті студенттерді көмек көрсетуге жіберді. Ақтөбе-Онлайн, Зелло-Актобе интернет ұйымдары, Болашақ еріктілер ұйымы үлкен көмек көрсетті.
Су тасқынының бірінші күнінен бастап Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлының арқасында зардап шеккен жандарға сауатты, интеграцияланған, жан-жақты көмек көрсетілді. Күніне 24 сағат жұмыс жасайтын штаб құрылды. Зардап шеккен жандар мектептерге орналастырылды, ыстық тамақ пен жеке гигиена құралдары мен басты қажетті заттармен қамтамассыздандырылды. Ақтөбе қала Әкімінің орынбасары Оразбаева Л.А., Ақтөбе қаласының білім басқару бөлімі басшысы Бексұлтанова И.И., Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламасы Буртибаева Н.Х. мектептерде жасалған жұмыстарды ұйымдастыру, зардап шеккендерді орналастыру мен жұмыстарын жүргізу, зардап шеккен балаларға мектеп және мектепке дейінгі білім беру процесстерін дұрыс жүргізгені үшін үлкен алғыс білдіреді. Зардап шеккендерге жүйелі медициналық көмек пен психологиялық тұрғыда қолдау көрсетілді.
Қор 6 ай ішінде 800-ден астам отбасыларға, 185 млн.тг көлемінде қалпына келтіретін тұрғын үйлерді, оның ішінде Қорайлы, Сазды және Благодар ауылдық округтерінде қалпына келтіруге жатпайтын үйлер үшін, жаңа үйлер салу үшін құрылыс материалдарын және жылу қазандарын сатып алуға көмек көрсетті. Көмек көрсетілген адамдар қатарында су тасқынынан зардап шеккендер, сонымен қатар өрт нәтижесінде баспанасынан айырылғандар мен өмірлік қиын жағдайларға тап болғандар бар. Қазіргі уақытта «Дорожник» ЖШС-нің қорының есебінен бөлінген нақты белгіленген жерлерде 107 үй салынып жатыр және бұл құрылыс жұмыстары кедергісіз негізде жүзеге асырылады. Барлық инфрақұрылым толығымен «Ақтөбеэнергоснаб», «Ақбұлақ», «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-нан өткізілді. Зардап шеккендерді тұрмыстық техникамен және пәтер сатып алуды ұйымдастыруды қамтамасыз еткені үшін Ақтөбе облысының 12 ауданының әкімдеріне үлкен алғыс айтты. Зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда және бұл мәселені Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы мен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Сапарбекұлы қатаң бақылауда ұстайды.
Қордың жұмысы қала халқының белсенді, ашық, еркін түрде қатысуына негізделген. Қор жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін әртүрлі мақсаттар мен ақша қаражатын мақсатты бөлу туралы шешімдер қабылдаған белсенділердің, БАҚ-ның және қоғамдық ұйымдардың кардиналдарынан арнайы комиссия құрылды.
Қорға Ақтөбе облысындағы «Жас Қанат», «Қазақстандағы Іскер Әйелдер қауымдастығы» Жастар Қанаты қолдау көрсетіп, аутистік балалардың ата-аналарын психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету және әлеуметтендіру, сондай-ақ қайырымдылық акциялары нәтижесінде салынған қаражатты аудару арқылы тиісті меморандум жасалады. «Ақтөбе қалалық білім беру» бөлімі мен Ақтөбе қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады.
Қор су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша өз жұмысын тоқтатпайды. Қор жұмысының нәтижелері - оның маңыздылығы мен өзектілігін көрсеткендіктен, Қор көмекке мұқтаж жандарға, Қарт адамдарға және мүмкіндіктері шектеулі жандарға көмек көрсетуді жалғастырады. Қордың одан әрі жұмысын Бақтығалиева Айнұр Қайсарқызы атқарды. Қорға көмек көрсетуді жалғастыру үшін бейресми азаматтардан жүйелі қаржылық көмек қажет, сондықтан біз қаражаттың қордың шотына аударылуын сұраймыз. Бүгінгі күні Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Владимир Гринберг және оның компаниясы қордың шотына 300 мың теңге аударған.
Баспасөз конференция барысында қорының және қоғамдық комиссия мүшелері журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50