Қазақша   Русский

RSS-лента

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі жұмысы туралы

2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша халыққа барлығы 17680 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде бөлім арқылы – 15540, мемлекеттік корпорация арқылы -2140. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және оған ведомстволық бағыныстағы мекемелер бойынша 20 мемлекеттік қызмет ұсынылады. Соның ішінде бөлім арқылы және баламалы негізде -8 қызмет, 7 қызмет бөлім арқылы және 2 қызмет тек қана «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылады. Сонымен қатар, 20 қызметтің алтауы электронды түрде ұсынылады.
Бөлім басшысының бұйрығымен үйлестіру, мониторингі және мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін сақтау үшін дербес жауапкершілік бекітілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат бөлім ғимаратының стендтерінде, стандарттар, регламенттер, ақпараттар халыққа қолжетімді жерлерге орналастырылды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат қала әкімдігінің ақпараттық порталында, бөлімнің парақшаларында (ВК, инстаграмм) орналастырылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысшыларымен тұрақты негізде құжаттарды дұрыс қабылдау бойынша бекітілген кестеге сәйкес оқыту өткізіліп тұрады.
2017 жылдың басынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және оларды алу әдістері, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру туралы ақпараттандыру мақсатында халықпен кездесулер ұйымдастырылды. Бөлім және бағынышты мекемелер қызметкерлерімен 13семинар, дөңгелек үстелдер, Қазақстан Ақтөбе ТРК-да 5 рет сұхбат берілді. Бос жұмыс орындар жәрмеңкелерінде тұрақты негізде халық үшін бөліммен көрсетілетін қызметтер және оларды алу әдістері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі, осындай ақпараттандыру әлеуметтік жәрдем орталығында, әлеуметтік бейімдеу орталығында қызмет алушылармен де өткізіледі.
Сонымен қатар, «Қамқор» акциясы өткізіліп тұрады. Акцияның мақсаты - жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған азаматтарды халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін алу тәртібін түсіндіреді.
Бөлімнің ғимаратына кедергісіз қолжетімділігі үшін – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бейімдеу өткізілді – ғимаратқа кіреберісте пандус орнатылды, бірінші қабатта қажеттілік кезде ғимарат бойынша сүйемелдеу үшін көмекші пайдалану немесе маманды шақыру мүмкіндігі бар, санитарлық бөлмелер жабдықталды, «Брайль» мәтінімен тақташалар мен арнайы көрсеткіштер орнатылды.

Азаматтар назарына!
«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және оған ведомстволық бағыныстағы мекемелер бойынша 20 мемлекеттік қызмет ұсынылады. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді алу тәртібіне қатысты ақпаратты Ақтөбе қаласы әкімдігінің www.akimataktobe.gov.kz сайтының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде көре аласыздар. (қосымша ақпаратты 416628 телефоны арқылы алуға болады)

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50