Қазақша   Русский

RSS-лента

Қала әкімі және құқық қорғау органдарының басшылары Қурайли ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Ақтөбе қ. әкімі Ілияс Испановпен қалалық прокуратура, қалалық ІІБ, жергілікті полиция қызметімен облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Новый және Сазды ауылдық округтерінің тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланды.
Бүгін мәдениет Үйінде Қурайлы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті. Алғашқы екі кездесу Благодар және Қарғалы ауылдық округтерінің тұрғындарымен өткізілді.
Кездесу бастар алдында мәдениет Үйінің ғимаратында мемориалдық тақта Қурайлы ауылдық округінің Альберт Федорович Гофманға құрметті тұрғыны салтанатты ашылуы болды. 1961 жылдан 1985 жылға дейін ол «Илекский» кеңшарының тұрақты директоры болып, ауылдың дамуына үлкен үлес қосты. Ауыл тұрғындары өзінің бұрынғы басшысының ыстық ықыласпен оның жоғары кәсіби және адамгершілік қасиеттерді атап, еске түсірді. А.Гофманның қызы Л.Борисова алғыс сөздерді айтты.
Содан кейін, жоспарланған кездесу мәдениет Үйіне жөнелтілді.
Осы кездесулер қала әкімі және құқық қорғау органдарының басшыларымен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты дамыту, тәртіпсіздікке және құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың, сондай-ақ қоғамдық пікірді зерттеу, мәселелерді шешу бақылау, мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында өз сөзінде атап өткендей, «азаматтар заң талаптарынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін білу үшін түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аудару қажет етеді».
Іс-шараға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, қала прокуроры Ғани Әміров, Ақтөбе қ. КІІБ бастығы Б. Курманалин, ЖПҚ жетекшісі Қанат Әлиев, қалалық мекемелер мен қызметтердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Қурайли ауылдық округі елді мекендердің тұрғындарына құқық қорғау органдарының жұмысы бойынша,сонымен қатар елді мекендерінің абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамту туралы қызықтыратын сұрақтарды қөю мүмкіндігі болды.

Солай, ауылда коммуналдық базарға жер бөлу туралы ауыл тұрғындары үшін және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында балабақшаның құрылысын туралы мәселені қарау қуанышты жаңалық болды. Балабақша туралы олар бұрыннан бері сүраған болатын. Себебі, тұрғын үй құрылысының есебінен, қала маңындағы тұратын және бау-бақша алқаптарында, көктемгі су тасқынына зардап шеккен тұрғындары үшін ауыл тұрғындары 400 адамға көбейді. Қурайли тұрғындарын ауылда бизнесті дамыту мәселелері, жер бөлу сұрақтары қызықтырды. Сондай-ақ, орталықтандырылған тасымалдауды ұйымдастыру және жемшөпті сату, мамандар - ветеринарлар санының артуы сұрақтары көтерілді. Ал зират бойынша сұрақ, белгілі болғандай, ынталы азаматтардың қатысуымен арнайы комиссия қазірдің өзінде қаралады,
Кездесу барысында «2017-2021 жылдарға Ауыл шаруашылығын қолдау», «Бизнестің жол картасы», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік», «Нұрлы жер», «Қолжетімді тұрғын үй» және т.б. мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіруіне ерекше назар аударылды. Осы бағдарламалардың ақпаратымен қалалық ауыл шаруашылығы (М. Тоқбулатов), кәсіпкерлік (Р. Әжниязов), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (Н.Бөртебаева), жер қатынастары (Ұ. Мыңбаев), сектор тұрғын үй қорының бөлімінің (Ж. Дүйсекенова) басшылары сөз сөйледі.
Сондай-ақ, Қурайли ауылдық округінің проблемалық мәселелерді жүзеге асыруы қаралды.
Келесі кездесу 26 кыркүйекте Новый ауылдық округінің түрғындарымен жоспарлануда.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50