Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласының тұрғындары назарына!

Ақтөбе қаласының әкімдігі алқабиге кандидаттар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 «Алқабилер туралы» Заңына сәйкес сайлаушылар тізімі негізінде кездейсоқ таңдау әдісімен Ақтөбе қаласы бойынша 2018 жылға арналған алқабиге кандидаттардың алдын-ала бастапқы тізімі жасалды.
Аталмыш тізім Ақтөбе қаласы әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында холлда: Т.Ахтанов көшесі, 50 мекен-жайы бойынша орналастырылады.
Қала тұрғындарын 2017 жылдың 22-28 қыркүйегі аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін алқабиге кандидаттардың алдын-ала бастапқы тізімімен танысуға шақырамыз.
Анықтама үшін телефон: 41-63-56.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50