Қазақша   Русский

RSS-лента

Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының кадеттерінің бітіру 20 жылдығына арналған салтанатты шара өткізу кезіндегі жол қозғалысын жабу және жол қауіпсіздігі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласында Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының кадеттерінің бітіру 20 жылдығына арналған салтанатты шара өткізілуіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. 2017 жылғы 23 қыркүйекте сағат 10-30-дан бастап сағат 13-30-ға дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойынша В.Пацаев көшесінен «Айна» СҮ дейінгі аралықта барлық көлік түрінің қозғалысы жабылсын;
2. Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының ҚЖТИ-ға «Табыс Актобе» ЖШС-мен бірге осы учаскеде тиісті белгілер мен қоршаулар қоюға ұсыныс жасалсын.
3. «Ақтөбе қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге параллель көшелер бойынша қоғамдық көлік қозғалысының уақытша сызбасын әзірлесін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.А.Оразбаеваға жүктелсін.

Қала әкімі
І.Испанов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50