Қазақша   Русский

RSS-лента

Благодар ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек айында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарына арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Благодар ауылдық округ әкімі аппараты» ММ ғимаратында, округ тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге 20 ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты: халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тартумен қатар, орманшы, кәсіби бала күтуші, аяқ-киім жөндеу шебері, бармен, әкімші, контролер-кассир, автомобиль жөндеу слесарі, электржабдықтармен қызмет ету, тігінші, стропальщик және т.б. қысқа мерзімді курстарына шақыру.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша және 2018 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақылар жаңа форматта берілетіні туралы ақпарат берілді.
Барлық бағыттары бойынша үлестірме материалдары таратылды және қойылған сұрақтарына тиісті жауаптары берілді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50