Қазақша   Русский

RSS-лента

Басқару нысаны жоқ үйлер тұрғындарының назарына!

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлік жағдайын сақтау мақсатында, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ –сі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» ( әрі қарай Заң) Заңының 31, 32-бабының талаптарына сүйене отырып, жылжымайтын мүліктерді Мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында тұрғын үй ғимаратын бірыңғай кешен ретінде тіркеу қажет екенін хабарлайды.
Бұл үшін үй-жай (пәтер) иелерінің жалпы жиналысын өткізіп, кондоминиум объектісін тіркеуге жауапты тұлғаны және жер актісін дайындауға қаражат жинау әрекеттерін жүргізу керек. Кондоминимум объектісін тіркеу кезінде, жалпы меншіктің құрамын және әрбір үй – жай (пәтер) иелерінің үлесін жалпы меншікте айқындау қажет. Кондоминиумды бастапқы тіркеу кезінде тұрғын үйге техникалық төлқұжат дайындау жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Содан соң, Заңның 42-бабына сәйкес кондоминиум объектісінің басқару нысанын анықтау қажет.
Бұл талап Коммуналдық қызметтерді ұсыну Ережелерінің 8-тармағында белгіленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысымен бекітілген. Яғни, тараптардың жауапкершілігі ПИК-імен, жеке тұтынушы немесе басқа Уәкілеттік тұтынушылармен жеке келісімшарт негізінде жасалып, тиісті техникалық деңгейде жалпы үй шаруашылық желілері мен есептеу құрылғы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі қарастырылған.
Кондоминимум объектісін тіркеу және басқару нысанын таңдау бойынша заңды талаптарды орындамаған жағдайда, үй кондоминиум нысаны ретінде тіркелмесе, энергиямен жабдықтаушы компаниялар коммуналдық қызметтің барлық түрлерін жеткізуді тоқтатуға мәжбүр болады, себебі бұл коммуналдық қызметтерді ұсыну ережелеріне қайшы келеді, ал аталмыш ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 қаулысымен бекітілген.
Уәкілетті органның тұрғын үй заңнамасының бұзылуын жою бойынша талаптарын қасақан елемеген, жалпы жиналысты өткізуді болдырмаған немесе жалтарған жағдайда, барлық болжанған шығындар мен іс жүзіндегі шығындар тұрғындардан өтеледі.
Бұл бағдарлама жайлы толығырақ мәлімет алу үшін «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ -сіне Т.Ахтанова 50 көшесі, 41-63-88,41-63-89,41-63-90 телефон нөмеріне хабарласа аласыз.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50