Қазақша   Русский

RSS-лента

Қамқор акциясы өз жалғасын табуда

Бүгін, а.ж. 22 қыркүйегінде Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы мамандары қала тұрғындары арасында Ұлт жоспары - бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамында көрсетілген тапсырмаларды орындау барысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» және Өрлеу бағдарламаларының барлық бағыттары туралы ақпарат беру мақсатында Орталық базар алаңында кезекті «Қамқор» акциясы өткізілді.
Акция, тұрғындар көп жиналатын жерлерде (айналма тас жолдарда, базарлар мен сауда алаңындарында) өткізіледі.
Мақсаты - жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған, сонымен қатар аз қамтылған азаматтарды Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатыстыру арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру, сонымен қатар қала тұрғындарына мемлекеттен көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері жөнінде хабардар ету болып табылады.

Аталған акция шеңберінде 84 адамға кеңес берілді.
Ақпараттардың қол жетімді болуы үшін aktobe_ozsp - инстаграм әлеуметтік желісі іске қосылды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50