Қазақша   Русский

RSS-лента

Электронды үкімет арқылы құжаттар алу қолжетімді болды

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы17 сәуірдегі № 219 бұйрығы негізінде:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Соның ішінде, «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: өтінішті алғандығын растау бөлігінде хабарлама алу — 1 (бір) жұмыс күні болып табылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нəтижесі:

Қайталама куәлік алған кезде – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауабы;

Электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алуы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

Порталда – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес демалыс жəне мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау жəне мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куəландырылған электрондық өтініші;

2) ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі;

3) егер азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген жағдайлардан басқа, электрондық көшірме түріндегі көрсетілетін қызметті алушының құжаттары.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттарының электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

Альмира ТҰРСЫНБЕКОВА,
«Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі» ММ бас маманы.
«АҚТӨБЕ» газеті

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50