Қазақша   Русский

RSS-лента

Басты басымдық — қызмет сапасын арттыру

Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша халыққа барлығы 17680 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде бөлім арқылы — 15540, мемлекеттік корпорация арқылы — 2140.

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және оған ведомстволық бағыныстағы мекемелер бойынша 20 мемлекеттік қызмет ұсынылады. Соның ішінде бөлім арқылы және баламалы негізде — 8 қызмет, бөлім арқылы — 7 қызмет және 2 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 20 қызметтің алтауы электронды түрде ұсынылады.

Мекеме басшысының бұйрығымен үйлестіру, мониторинг және мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін сақтау үшін дербес жауапкершілік бекітілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат ғимарат стендтерінде, стандарттар, регламенттер, ақпараттар халыққа қолжетімді жерлерге орналастырылды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат қала әкімдігінің ақпараттық порталында, бөлімнің парақшаларында (ВК, инстаграмм) орналастырылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерімен тұрақты негізде құжаттарды дұрыс қабылдау бойынша бекітілген кестеге сәйкес оқыту өткізіліп тұрады.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және оны алу әдістері, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру туралы ақпараттандыру мақсатында халықпен кездесулер ұйымдастырылды. Бөлім және бағынышты мекемелер қызметкерлерімен 13 семинар, дөңгелек үстелдер, жергілікті арнада 5 рет сұхбат берілді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінде бөлім арқылы тұрақты негізде халыққа көрсетілетін қызметтер және оларды алу әдістері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Осындай ақпараттандыру жұмыстары әлеуметтік жәрдем, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет алушылармен де өткізіледі.

Сонымен қатар, «Қамқор» акциясы ұйымдастырылады. Мақсат — жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған азаматтарды халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін алу тәртібін түсіндіру.

Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, қалалық әлеуметтік жәрдем орталығы биыл тамыздан бастап Ақтөбе қаласының Уәлиханов көшесі,12 мекенжайында азаматтарға қызмет көрсетеді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мекеме ғимаратына кедергісіз кіру үшін пандус орнатылды, ғимарат ішінде қажет жағдайда сүйемелдеу үшін бірінші қабатта көмекші пайдалану немесе маман шақыру мүмкіндігі қарастырылып, санитарлық бөлмелер жабдықталды, «Брайль» мәтінімен тақташалар мен арнайы көрсеткіштер орнатылды.

М.ЖҰЛҰМБЕТОВА,
Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
әкімшілік-құқықтық сектордың меңгерушісі.
«АҚТӨБЕ» газеті»

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50