Қазақша   Русский

RSS-лента

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету - сапаның маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын ішкі бақылау кестесі бойынша Ақтөбе қаласының әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді үйлестіру бөлімінің қызметкерлері білім беру мекемелерін тексеруді жүзеге асырады. Ағымдағы айда бақылау 10 жалпы орта білім беретін мектептерде және 10 мектепке дейінгі мекемелерде іс-шаралары жүргізілді.
Бақылау іс-шараларының мақсаты - өзара байланысты бақылау, заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеу болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету стандартын және регламентінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін тексеру, қызметтерді жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстары (стенд, БАҚ-та сөз сөйлеу, семинар-кеңестер) және басқалар. Ішкі бақылау қызметкерлері жүйелі түрде жүзеге асырылады.
Ішкі бақылау аяқталғаннан кейін заңнаманың талаптарын сақтау туралы және ұсыныстар мен қызметтердің сапасын жақсарту бойынша акт жасалады. Мамандар да мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Білім беру бөлімімен 24 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы қызметтерді беру және оларды электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.
Ақтөбе қаласының www.akimataktobe.gov.kz ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және паспорттары жарияланған.

Қала әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелерін үйлестіру бөлімнің бас маманы Тәшімова Жәмиля

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50