Қазақша   Русский

RSS-лента

6 казанда аукцион арқылы сатылатын жер учаскелері өтеді

Ақтөбе қ. әкімдігі 2017 жылдың 6 қазанда мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде, Ақтөбеде және қала маңында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін 11 жер учаскелерін жалға беру бойынша аукцион өткізеді.
Аукцион арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің кемпинг, өндірістік базасы, демалыс базасы, автогаз толтыру станциялары, сауда павильонын, жарнамалық құрылымдар орталығын орналастыру және қызмет көрсету кіреді.
Жер учаскелері 3 жылға жалға беріледі.

Лоттың № Сауданы өткізу тәсілі мен әдісі Құқықтан айыру түрі Жер учаскесінің көлемі, га Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер учаскесінің орналасұан жері Жалдау құны
(жылына), теңге
Кепілдік соммасы, теңге Бастапқы құны, теңге
1 Аукцион
(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу 0,3400 Кемпинг орналастыру және қызмет көрсету Актобе-Мартук трассасы 34 442 113 450 262 548
2 Аукцион
(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу 0,5000 Өндірістік база орналастыру және қызмет көрсету Өнеркәсіптік аймақ 50 650 113 450 386 100
3 Аукцион
(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу 0,2000 Өндірістік база орналастыру және қызмет көрсету Өнеркәсіптік аймақ 20 260 113 450 154 440
4 Аукцион
(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу 10 Демалыс базасын орналастыру және қызмет көрсету Благодар с/о, Бекқұл баба ауылы 1 013 000 145 500 2 910 000
5 Аукцион
(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу 0,1200 Автогазқұю бекетін орналастыру және қызмет көрсету Благодар с/о, К.Нокин ауылы 12 156 113 450 46 332
6 Аукцион
(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу 0,1700 Автогазқұю бекетін орналастыру және қызмет көрсету Сазды с/о, Сазды ауылы 17 221 113 450 61 710
7 Аукцион
(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу 0,5000 Өндірістік база орналастыру және қызмет көрсету Өнеркәсіптік аймақ 50 650 113 450 386 100
8 Аукцион
(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу 0,0030 Сити борд (3*4) форматындағы жарнамалық құрылым орналастыру және қызмет көрсету (5 жер учаскесі) Батыс-2 ш.а., Тәуелсіздік даңғылы 304 113 450 4 633
9 Аукцион
(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу 0,0030 Сити борд (3*4) форматындағы жарнамалық құрылым орналастыру және қызмет көрсету (5 жер учаскесі) Батыс-2 ш.а., Мәңгілік Ел көшесі 304 113 450 4 633
10 Аукцион
(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу 0,0036 "Mupi" форматындағы жарнамалық құрылым орналастыру және қызмет көрсету (18 жер учаскесі) Әбілқайыр хан д., Әбілқайыр хан д.-Пацаева к-сі қиылысы, Ағ.Жұбановтар к-сі, Ә.Молдағұлова д., Әбілқайыр хан д.-Ғ.Жұбанова к-сі қиылысы, Әбілқайыр хан д.-М.Оспанов к-сі қиылысы, Әбілқайыр хан д.-Ә.Молдағұлова д. Қиылысы 365 113 450 5 560
11 Аукцион
(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу 0,0015 Сауда павильонын орналастыру және қызмет көрсету Н.Шайкенова көшесі 152 113 450 2 317
      11,84         4 222 056

Аукционды өткізу шарттары:Аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді.

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі:Сатып алушы: Аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Ақтөбеқалалық жер қатынастары бөлімі» ММ-мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50%мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі. Кепілдік «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады. Төлем жүргізу үшін деректерді Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 2, 2 қабат, 45 кабинетінен алуға болады.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты.

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжаттыұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер мына мекен жайда қабылданады: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 2, 2 қабат, 45 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7132) 21-25-56.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50