Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласында жылыту маусымын өткізуді ұйымдастыру туралы қаулы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және ҚР Ақпарат және көлік министрлігінің құрылыс істері жөніндегі Агенттігінің бұйрықтарымен қабылданған 27 мамырдағы 2004 жылғы №250 2.04-21-2004 ҚР Құрылыс нормалары мен ережелері, 2004 жылғы 26 қарашадағы №450 4.02-02-2004 Халықаралық стандарттар және нормалар негізінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы Цельсия бойынша +10° және де одан да төмен градусқа дейін төмендеуі күтілуіне байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы бойынша жылыту маусымының басталуы 2017 жылғы 1 қазаннан, мектептер, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар үшін 203 тәулік, интернат-үйлер, мектепке дейінгі және медициналық мекемелер үшін 216 тәулік болып белгіленсін.
2. «Трансэнерго» акционерлік қоғамына (А.Сакиев), «Ақтөбе ЖЭО» акционерлік қоғамына (Р.Мұхамедғалиев) 2017 жылғы 1 қазаннан бастап қала объектілерін үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар алу ұсынылсын.
3. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар, пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына, Ақтөбе қаласының тұрғын үй қорын ұстау және қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға әзірлік паспорттарын рәсімдей отырып, орталықтандырылған жылумен жабдықтауды қабылдауға объектілерді уақытылы дайындауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.С. Алдияровқа жүктелсін.

Қала әкімі
І.Испанов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50