Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде алкогольге қарсы заңнаманың сақталуына бақылау жүргізіледі

Алкогольді заңмен бекітілген мерзімнен тыс уақытта сатуға тыйым салу, сондай- ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қаласы әкімінің өкімімен алкоголь өнімдерінің айналымы саласында заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша мобильдік топ құрылды.
Мобильдік топтың құрамына Ақтөбе қаласы әкімдігінің, жергілікті полиция қызметінің, мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері, қалалық мәслихат депутаты, қоғамдық белсенділер кіреді.
Сонымен Қазақстан Ремпубликасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес мейрамхана, бар, кафелерді қопағанда алкоголь өнімдерін бөлшектеп сатуға сағат 23.00-ден бастап келесі күнгі 8.00-гей дейін, этил спиртінің үлесі 30% жоғары болса сағат 21.00-ден келесі күнгі 12.00-ге дейін сатуға тыйым салынған.
Алайда, қалада бірқатар сауда нысандарында бекітілген мерзімнен тыс уақытта алкогольді бөлшектеп сату заңы бұзылғандығы байқалды.

Соған байланысты, мобильдік топ заң бұзушылықты жою мақсатында рейд жүргізу арқылы, түсіндіру жұмыстарын өткізеді.
2017 жылғы 22 қыркүйек күні мобильдік топпен алкоколь өнімдерін бөлшектеп сатумен айналысатын сауда нысандарына рейд жүргізді.
Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында заңмен шектеу қойылған уақытта алкогольді өнімдерді бөлшектеп сату орын алған жоқ.
Мобильдік топпен сауда нысандарының қызметкерлерімен алкогольді өнімдерді сату жөніндегі заңның, соның ішінде шектеу қойылған уақытта сату, жасы 21-ге дейінгі тұлғаларға сату, талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Бұдан басқа, ұйым қызметкерлеріне алкогольді сусындарды сатудағы шектеулер жөнінде ақпаратты ғимарат ішінде көрнекі жерлерге орналастыруларын қамтамасыз ету қажеттілігі жеткізілді.
Мобильдік топ жұмысы жалғасын табады.

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50