Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде «Туған жер» республикалық жерлестер форумы өтіп жатыр

Ақтөбеде «Туған жер» республикалық жерлестер форумы өз жұмысын бастады. Оған ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, атақты ақтөбеліктер, сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдар мен облыстық әкімдіктердің басшылары қатысуда.

«Туған жер» форумы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жерге деген патриотизм мен сүйіспеншілікті қалыптастыру, белгілі бір жетістіктерге жеткен Ақтөбе өңірінің тумаларын туған өлкелерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту мақсатында өткізілуде. Форумға қатысу үшін өңірге әлемнің 21 елінен 300-ден аса делегат келді. 80 млрд. теңгеге жиырмадан астам меморандумға қол қойып, жүзге тарта түрлі кездесулер, тренингтер, семинарлар, 63 шеберлік сабағын өткізу, соның ішінде жалпы саны10 мыңнан аса адамды қамтитын 25 медициналық ота жасау жоспарланып отыр.

Форумға қатысушылардың алдында сөз алған ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова жалпыұлттық патриотизмнің негізі болатын «Туған жер» арнайы жобасына ерекше тоқталып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алты арнайы жобасының әрқайсысының ерекшелігін атап өтті.

- Жоба азаматтық белсенділікті дамытуға және туған жердің тағдыры үшін жауапкершілік сезімін нығайтуға, қызығушылықты тудыруға, туған жердің дәстүрлерін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге бағытталған. Бүгін біз бәріміз шын мәнінде маңызды іс-шара - «Туған жер» бірінші республикалық форумының қатысушылары болдық. Бұл оқиғаның Ақтөбе қаласында өтуі кездейсоқ емес. Бұл киелі мекен - көптеген ұлы тұлғалардың туған жері. Ақтөбе облысы рухани жаңғыру жобасын жүзеге асырудың лайықты үлгісі. Бүгінде мұнда «Туған жерге тағзым» акциясы аясында әлеуметтік-мәдени нысандарды, балабақшаларды, ауруханаларды, мектептерді, саябақтар мен мұражайларды салу мен қалпына келтірудің ауқымды жұмыстары жүргізілуде. Елбасы айтқандай, патриотизм өз жеріне, ауылына, қаласына, өңіріне деген сүйіспеншіліктен басталады. Бұл жобаның Президент тапсырмасын қолдайтын дені сау, адамгершілігі бар, өркениетті қоғамды қарқынды дамытып жатқандығы қуантады. Ақтөбеліктер мұнда да алдыңғы қатарда,- деп атап өтті мемлекеттік хатшы.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та жерлестермен сәлемдесіп, оларды Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуымен, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен таныстырды.

- Мемлекет басшысы атап өткендей, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз қоғамдық сананы жаңғырту, мәдениетімізді, ұлттық кодымызды және отансүйгіштік қасиетімізді сақтауымыз қажет. Мұның бәрі туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Сондықтан әлемнің түкпір-түкпірінен келген 300-ден аса жерлестерімізбен қауышқаныма қуаныштымын. Бүгінде біздің жерлестеріміз табысқа жетпеген сала жоқ. Біздің отандастарымыз әдебиет пен өнер, ғылым және спорт саласында өңірдің атын шығарып жүр. Әрине, бұл жетістіктер мемлекетіміздің, президентіміздің әркез қолдау көрсетуінің, өздеріңіздің туған жерлеріңізде алған білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіздің арқасында мүмкін болды. Туған жерлеріңіздің одан әрі өркендеуі, болашақ ұрпағы үшін сіздер де аянып қалмайсыздар деп сенемін, - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, өңір басшысы Б.Сапарбаев Г.Әбдіхалықоваға Денсаулық саябағын таныстырды. Демалыс саябағын салу - облыс әкімінің бастамасы және ол медициналық қоғамнан белсенді қолдау тапқан. Бүгінде бұл жер қалалықтар мен қала қонақтарының шағын футбол алаңы, велосипед жолы, жүгіру жолы, спорттық жабдықтар және т.б. бар ең сүйікті демалыс орны. Медицина қызметкерлері апта сайын акциялар, йога, скандинавиялық жүріс, шейпинг жаттығуларын тегін өткізеді.

Айта кетейік, өңірдің медицина қоғамынан өзге салалардың да қызметкерлері үлгі алуда. Қазіргі таңда облыс орталығындағы мемлекеттік мекемелер, ірі ұйымдар мен кәсіпорындар, 34 гүлзар мен аллеяның құрылысын жүргізуде.

Өңірде жеке инвестиция көлемі 50 млрд. теңге болатын 125 МЖС пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жобалары жүзеге асырылуда.

Биыл «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 2,8 млрд теңгеге абаттандыру, құрылыс, әлеуметтік жобаларды қалпына келтіру бойынша қосымша 555 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде 1,3 млрд. теңгеге 379 жоба жүзеге асырылған.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50