Қазақша   Русский

RSS-лента

«Ақтөбе қаласының Новый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген тізілімге сәйкес, «Ақтөбе қаласының Новый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де баламалы түрде «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі мемлекеттік органда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы да алуға болады. Немесе ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы үйден шықпай-ақ, жеке кабинет арқылы анықтама алу мүмкіншілігі бар.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген, «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» стандартына сәйкес: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама алу үшін талап етілетін құжаттар тізімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға: жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша өтініш;
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

«Ақтөбе қаласының Новый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бойынша 2017 жылдың өткен кезеніңде «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет 7 қызмет мемлекеттік орган арқылы көрсетіліп, жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігін дәлелдейтін анықтама берілді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50