Қазақша   Русский

RSS-лента

30 қыркүйек күні көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда.
Кестеге сәйкес кезекті жәрмеңкелер 30 қыркүйек күні Благодар ауылдық округінде, «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында (№23 үйдің жанында), «Алтай», «Аида» және «Достан» базарларында өтеді.
Қала тұрғындарына жәрмеңкелерде тұрақтандыру қорының тауарлары, өңіраралық кооперация шеңберінде басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және өзіміздің жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылады («Айс плюс», «Анвар», «Базарларды басқару», «Пригородное», «Алманов», «Болат ЛТД», «Жазык Групп» ЖШС және т.б.).
Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері базар бағаларынан 10-15 пайызға төмен сатылады. Қала тұрғындарын аталмыш жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алуға шақырамыз.

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50