Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде Қарттар және ұрпақтар сабақтастығы күніне арналған іс-шаралар өткізілді

1 қазанда қала әкімі І.Испанов соғыс ардагері Ж.Қуатованы, тыл еңбеккерлері С.Балюраны және Х.Бекмухамбетованы, 100 жастағы тұрғын Ж.Бисенгалиеваны қарттар және ұрпақ сабақтастығы күнімен құттықтады. Қала әкімі ардагерлерді құттықтап, зор денсаулық, қуаныш пен мерекелік көңіл-күй тіледі.
Бұл күндері Ақтөбеде қарттар және ұрпақтардың сабақтастығы күніне арналған мерекелік іс-шаралар, кездесулер, концерттік бағдарламалар, жастар акциясы өткізілді. Еңбек ұжымдарында, мекеме және ұйымдарда, мәдениет мекемелерінде, соғыс және еңбек ардагерлерін, еңбек демалысына шыққан қызметкерлерге де құрмет көрсетіліп және зейнеткерлер үйде құттықталды.
Ұрпақтар сабақтастығы, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі әлеуметтік саясаты жөнінде Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов өзінің құттықтау жолдауында қарттар және ұрпақтар сабақтастығы күніне арналған Т.Ахтанов атындағы облыстық қазақ драма театрындағы басқосуда айтты. Қала әкімі соғыс және еңбек ардагерлерін, зейнеткерлерді жиналған залда құттықтай отырып, әртүрлі қызмет салаларында ұзақ жылғы еңбегі үшін, біздің қаламыздың дамуына баға жетпес қосқан үлесі үшін, жас ұрпақ арасында атқарылып жатқан қоғамдық жұмысқа шынайы алғысын білдірді.

Іс-шараға қатысушылар үшін біздің қаламыздың үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен үлкен концерт ұйымдастырылып, гүлдер мен сыйлықтар ұсынылды.
1 қазан күні біздің қаламыздың зейнеткерлеріне «КеруенСити» ойын-сауық кешенінің Кинопарк және «Локомотив» кинотеатрында «Ана сыйлаған қанат» фильмінің тегін сеансы, Облыстық қазақ драма театрында және «Алақай» қуыршақ театрында спектальдерді, сондай-ақ, «Геолог», Сазды, Қурайли мәдениет үйінде мерекелік іс-шараларды көруге мүмкіндігі болды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50