Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде жұмыссыз азаматтарды оқыту бойынша жұмыс жалғасуда

Ақтөбе қаласы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді қайта даярлау курстарында жұмыссыз азаматтарды оқыту қарастырылған.
Осыған орай, жыл басынан еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 616 азамат қайта даярлау курстарына бағытталып отыр.
Бүгінгі күні, яғни 4 қазанда қысқа мерзімді қайта даярлау курстарын тігінші, газоэлектродәнекерлеуші, электрик, көкөніс өсіруші, тәттігер және аспазшы мамандықтары бойынша оқуды тәмәмдады. Соның ішінде, Ақтөбе техникалық колледжі базасында 16 адам «тәттігер» және 22 адам «аспазшы» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарын аяқтады. Оқуға бағытталған азаматтар қаламыздың атаулы «Салтанат сарайы», «Ұлпан» мейрамханаларында, А.Е. Аткиева, Т.Т. Хусаинов жеке кәсіпкерліктерінде және «Атамекен нан 2000» ЖШС, «Рахат» ЖШС, «Бриг» ЖШС-теінде өндірістік тәжірибеден өтті. Аталған мекемелер, сонымен қатар «Актан Групп» ЖШС, «Дин Сан» кафесі алдағы уақытта өздеріне тұрақты жұмысқа қабылдау мақсатында, бағдарламаны аяқтаған қатысушылар арасында әңгімелесу өткізілетін болады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50