Қазақша   Русский

RSS-лента

Үгіт баспа материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орындар белгіленді

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, шығып қалғандардың орнына қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт баспа материалдарын орналастыру орындарын белгіледі.
№11 қалалық сайлау округі бойынша:
• Мир даңғылы, 17 мекен-жайы бойынша орналасқан «Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жаңында – қалқан-стенд.
№13 қалалық сайлау округі бойынша:
• Есет батыр көшесі, 69 мекен-жайы бойынша орналасқан «Акватория Актобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Акватория» дүкені жаңында – қалқан-стенд;
• Есет батыр көшесі, 73 мекен-жайы бойынша орналасқан «Ақтөбе гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорына жаңында – тумба.
№17 қалалық сайлау округі бойынша:
• Пацаев көшесі мен Сәңкібай батыр даңғылының бұрышында қалқан-стенд.
№22 қалалық сайлау округі бойынша:
• Кеңес Нокин ауылында орналасқан «Благодар ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жаңында – қалқан стенд.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына сәйкес, шығып қалғандардың орнына қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлерге сайлаушылармен кездесуге:
• №11 қалалық сайлау округі бойынша, №26 орта мектептің акт залы (Мир даңғылы, 47);
• №13 қалалық сайлау округі бойынша, Ақтөбе мұнай және газ колледжінің акт залы (Маресьев көшесі, 10);
• №17 қалалық сайлау округі бойынша, №1 орта мектептің акт залы (Гришин көшесі, 72/3);
• №22 қалалық сайлау округі бойынша, Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжінің акт залы (Кеңес Нокин ауылы) беріледі.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50