Басып шығаруға арналған нұсқасы

Комиссия «Ең үздік көп пәтерлі тұрғын үй ауласы» байқау қатысушыларының аулаларын қарауды бастады

Published: 07 Қазан 2017
50 рет

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысымен, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-і тамыз айының 18 мен – 1 қазан айы аралығында Ақтөбе қаласы бойынша «Ең үздік көп пәтерлі тұрғын үй ауласы» конкурсын жариялаған болатын.
Аталмыш конкурстың жалпы ережесі, мақсаты және жеңімпаздарды анықтау белгілері – жергілікті теле арналарда және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Келесідей өлшемдерге сай болуы:
- Кондоминиум объектісінің (әрі қарай КО) Әділет органында мемлекеттік тіркеуі туралы мәлімет болуы
- КО ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын пәтер иелерінің жарналарын аударуға арналған екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы
- КО ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін екінші деңгейдегі банкте жина шотының болуы
- КО ағымдағы қызмет көрсету бойынша сервистік компаниялармен жасасан шарттың болуы
- КО жылыту маусымына дайындық куәлігінің болуы.
«Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы Ермашев Хайдар Шалабайұлының айтуынша – 1 қазан айына дейін комиссияға 15 көппәтерлі тұрғын үйден конкурсқа қатысу үшін арыздар түсті.

Өткен жұмада комиссия құрамы қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңесінің мүшелері және Тұрғын үй инспекциясы мамандары комиссияға түскен арыздар бойынша өз жұмысын бастап, көппәтерлі тұрғын үй аулаларын қарауға шықты.
Комиссия Тургенева 100 корпус 5 көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйді аралады және аула ішілік күтіп ұстау жағдайы, санитарық тазалығы, жылу беру жүйесі және қажетті құжаттардың болуымен танысты. Комиссия мүшелері «Назар 3» ПИК-нің төрағасы Табынбаев Муратпен және белсенді тұрғындармен кездесті. Тұрғындар 2011 жылы модернизация бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілгені жөнінде, ауланы көгалдандыру және ортақ мүлікті дұрыс күтіп ұстауда ат салысып жұмыс жүргізетінін атап айтты. Көп пәтерлі тұрғын үйде автоматты жылыту пункті, суға есептегіш құрылғы қондырылғаны және ағаш, гүлдерді арнайы құрылғылармен суару қарастырылған.
Аталмыш үйдің тұрғындары «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы Ермашев Хайдар Шалабайұлына және қалалық мәслихат депутаты С.Алиповқа Тургенев көшесі мен Есет батыр көшесіне дейінгі ішкі квартал аралығын жарықтандыру мен афальттау қажеттілігін жеткізді. Сонымен қатар, қарттарға арналған демалыс гүлзар ұйымдастырылса деген ұсыныстарын айтты.
Комиссия құрамы жұмысын әрі қарай жалғастырып, жақын арада конкурсқа қатысушылардың жеңімпазын анықтайтын болады. Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен қала әкімі тарапынан мадақтама қағазы беріледі. Жеңімпаз нысанына балалар алаңын қондыру, асфальттау, евро стандартқа сәйкес контейнер алаңын қондыру және көгалдандыру қарастырылған.