Қазақша   Русский

RSS-лента

Жеңіл атлетикадан «Алтын күз» жарысын өткізу кезіндегі жол қозғалысын жабу және жол қауіпсіздігі туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, жеңіл атлетикадан «Алтын күз» жарысының өткізілуіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылғы 15 қазандағы сағат 08.30-дан сағат 12.00-ге дейінгі аралықта Әбілқайыр хан даңғылының бойы Ә.Молдағұлова даңғылынан В.Пацаев көшесіне дейін, Ә.Молдағұлова даңғылы бойы Әбілқайыр хан даңғылынан Сәңкібай батыр даңғылындағы айналма жолға дейін, Сәңкібай батыр даңғылы бойы айналма жолынан Бөкенбай батыр көшесіне дейін (Әуежай бағытында) Бөкенбай батыр көшесі бойы айналма жолдан Мясоедов көшесіне дейін, Әз Наурыз көшесі бойы Мясоедов көшесінен Шайкенов көшесіне дейін, Шайкенов көшесі бойы Әз Наурыз көшесінен М.Мәметова көшесіне дейін, М.Мәметова көшесінен Атаусыз көшеге дейін, Әбілқайыр хан даңғылы бойы Ә.Молдағұлова даңғылынан М.Мәметова көшесіне дейін, сонымен қатар 101 Атқыштар бригадасы, М.Оспанов, Ғ.Жұбанова параллель көшелерінің бойында көліктің барлық түрінің қозғалысы жабылсын.
2. Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының ҚЖТИ-ға «Табыс Актобе» ЖШС-мен бірге осы учаскеде тиісті белгілер мен қоршаулар қоюға ұсыныс жасалсын.
3. «Ақтөбе қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге параллель көшелер бойынша қоғамдық көлік қозғалысының уақытша сызбасын әзірлесін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ж.Б. Баирхановқа жүктелсін.

Қала әкімі
І.Испанов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50