Қазақша   Русский

RSS-лента

Қалалық әкімдік мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, қазір зейнеткерлік демалыста жүрген бұрынғы қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Ақтөбе қаласының әкімдігі Қарттар және ұрпақтар жалғастығы күніне арналған көптеген жұмыстар жүргізіп, мәдени-көпшілік, әлеуметтік маңызы зор шаралар ұйымдастырды.
Бұл күндері мерекелік қайырымдылық акциялары, бағдарламалар, концерттер өткізілді, ардагерлер кинофильмдер мен спектакльдерге тегін кірді. Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов бірқатар Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің үйлеріне барды.
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, қазір зейнеткерлік демалыста жүрген бұрынғы қызметкерлерінің үйлеріне барып, мерекемен құттықтады.
Олардың арасында Малышева Надия Гарифулловна, Амантаева Мәрияш Мұқанқызы, Тырсина Любовь Михайловна, Жүзбаева Сәния Есқалиқызы, Есқазина Роза Рамазанқызы, Гончарова Зоя Ерофеевна және басқалар бар.
Қалалық әкімдік пен мемлекеттік қызмет ардагерлерін мерекемен шын жүректен құттықтап, көп жылғы тынымсыз еңбектері үшін алғыс айтты, зор денсаулық, отбасына амандық, бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілеп, сыйлықтар тапсырды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50