Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде өткен демалыс күндері жәрмеңкелер, бәйге, «Алтын күз» күзгі жүгіру, саябақтағы мереке өтті

Ақтөбеліктер үшін өткен қаныққын демалыс күндері болды. Сенбі және жексенбі күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтті, «Туған жерім – нұрлы елім!» өткен акциясы аясында Ақтөбе қ. ауылдық округтер арасында «Ауыл- еліміздің алтын қазынасы» фестивальдің қорытындысы шығарылды, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта жазғы маусымның жабылуы өтті. Сонымен қатар Ақтөбе ипподромында қала әкімінің кубогіне бәйге, «Алтын күз» дәстүрлі күзгі жүгіру, және WTF таэквондодан батыр-ұшқыш компонавт Юрий Лончаковтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті.
Қобыланды батыр атындағы орталық стадионның алаңңында өткен көшпелі жәрмеңкелерде, «Алтай», «Аида», «Достан», «Табыс» нарығында және Сазды ауылдық округінде, қала тұрғындарына тұрақтандыру қорының өнімдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және Ақтөбе, Қарғалы, Мәртөк, Қобда, Ырғыз аудандарының шаруа қожалықтары ұсынылды.
Жәрмеңкеде нарықтық бағадан төмен болды. Мысалы, орталық стадионның алаңңында картоп 80-100 теңгеге, сәбіз 100 теңгеден, қызылша 90 тг., жуа 70 тг., ет (сиыр) 1150 теңгеден сатылды.
Жәрмеңке ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта жалғасын тапты. Сол күні саябақта «Туған жерім – нұрлы елім!» өткен акциясы аясында Ақтөбе қ. ауылдық округтер арасында «Ауыл- еліміздің алтын қазынасы» фестивальдің қорытындысы шығарылды және жазғы маусымның жабылуы өтті.

Мерекеге келген ақтөбеліктер мен қала қонақтарына киіз үйлерге кіруге, қолөнер бұйымдарымен көрмесымен танысуға, облыстың аудандар шаруашылығымен дайындалған бауырсақтың, айранның және қымыздың дәмін татуға мүмкіндік болды.
Қала әкімі І.Испанов мерекеге қатысушылардың барлығын құттықтап, фестиваль жеңімпаздарына марапаттар табыстады. Фестиваль қорытындысы бойынша 1 орын Благодар ауылдық округіне берілді және 70000 теңгеге ақшалай сыйлық тапсырылды. 2 орын Қурайлы ауылдық округі алды- 50000 теңгеге ақшалай сыйлық тапсырылды, ал 3 орын- Сазды ауылдық округі- 30000 теңгеге ақшалай сыйлық тапсырылды.
Белсенді қатысқандары үшін Қарғалы және Новый ауылдық округтеріне 15000 теңгеден көтерме сыйлық тапсырылды. Мереке ауылдық округтерінің шығармашылық ұжымының гала-концертімен аяқталды.
Толық трибуналарда ипподромда Ақтөбе қала әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі бәйге өтті, оған Қазақстан және Ресей аймақтарынан тұлпарлары қатысты. Көрермендер трибунасында қала әкімі ат үстінде келгенің дауыстап сәлемдесіп, содан кейін ең сүйікті ұлттық спорт түрлерінің нәтижесіне қатты уайымдады.
Басты 21 км «Аламан бәйге» ат келуінің жеңімпазы- Маңғыстау облысының қатысушы болды. Оған бас жүлде автомобиль "Лада Гранта" бұйырды.
2 мыңнан астам ақтөбеліктер жексенбі күні 500метрге, 3 және 10 км-ге «Алтын күз» қайырымдылық жүгіруіне қатысты.
10 км жүгіруіне ең көп қатысушылар болды. Олардың арасында оқушалр мен студенттер, қала және облыс мекемелердің мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар және қоғамдық кеңестің мүшелері, көптеген еңбек ұжымдары мен ұйымдарының өкілдері болды. Сондай-ақ, осы жүгіру қашықтықта жарысқа Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пен гір көтеру спортынан әлем чемпионы, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі евгений Гончаров қатысты.
Жеңімпаздарға марапаттарды ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев табыстады. Өңір басшысы барлық жүгіру қатысушыларды құттықтады және жаппай спорт түрлерін дамыту маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, саябақта іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері, «Қолғанат Ақтөбе» қайырымдылық қорының түскен шотына қаражат сомасын жариялады. Барлығы марафон барысында 200 мың.теңге жиналды. Осы ақша мұқтаж азаматтарға үшін пайдаланылады.
Екі күн қалада WTF таэквондодан кадеттер және жасөспірімдер арасында Ақтөбе облысының құрметті азаматы, батыр-ұшқыш компонавт Юрий Лончаковтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. Мұндай деңгейде турнир қаламызда алғаш рет өткізілді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50