Қазақша   Русский

RSS-лента

«Салттық Қызметтер Бірыңғай Орталығы» ЖШС-і жерлеу орындарын күтіп-ұстау бойынша жұмысы туралы ақпараттандырды

Бүгін Ақтөбе қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелерінің, ЖПҚ, ардагерлер және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Салттық Қызметтер Бірыңғай Орталығы» ЖШС-тің қызметімен таныстыру өткізілді.
Іс-шара Жүргенов көшесінде орналасқан «Салттық Қызметтер Бірыңғай Орталығы» ЖШС-тің кеңсесінде өтті. Компания өкілі зираттарды сенімгерлік басқаруға алған шарт жасалған сәттен бастап, жүргізіліп жатқан жұмысы туралы хабардар етті және өз қызметі туралы слайдтар көрсетті.
Компания заңгері Асхат Утешевтің айтуынша, 2017 жылы 7 маусымында «Салттық Қызметтер Бірыңғай Орталығы» ЖШС-тің және «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» ММ-нің, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ-нің және ауылдық округтерінің әкімдіктерінің (Баланс ұстаушылар) арасында Ақтөбе қаласының және қаланың бес аулдық округтерінің аумағындағы зираттарды 5 жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқару шарттарына қол қойылды.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің электронды сауда алаңында (gosreestr.kz ресурсы) сауда-саттық № 64094, 64046, 64093, 64048, 64092, 64134, олар бойынша осы ұйым жеңімпаз атанып, электрондық сауда-саттық нәтижелері бойынша қол қойылды.
№64094 лот бойынша (Ақтөбе қ. объектілері) сауда-саттыққа жіберілген 5 адам қатысты. № 64046, 64093, 64048, 64092, 64134 лоттар бойынша (ауылдық округтердің объектілері) сауда-саттыққа жіберілген 2 адам қатысты.
Барлығы 50 нысан (зираттар) сенімгерлік басқаруға берілді, оның ішінде Ақтөбе қаласы бойынша 12 және Сазды, Қурайлы, Новый, Благодар және Қарғалы ауылдық округтер бойынша 38 зират.
Қазіргі кезде үш зиратқа қоршауларды орнату бойынша жұмыстар басталды. Сонымен қатар, Гринленд демалу базасының маңындағы нысанда 1000 м қоршаулар орнатылған, Акжар а. (электр станциясы), Қызылжар а. – 400 м астам қоршаулар орнатылған. Барлық объектілерден қоқыс шығарылады.
Сенімгерлік басқаруға алынған барлық зираттарды тиісті тәртіпке келтіру үшін уақыт қажет.
А. Утешев қызметтердің бағасы туралы хабардар етті. 2017 жылы 11 қазанында «Салттық Қызметтер Бірыңғай Орталығы» ЖШС-мен зират қызметтер бағасы бекітілді.
- Ақтөбе қаласының ауылдық округтер бойынша: барлығы 38 зират, оның ішінде 8 қоршалмаған, 30 қоршалған, 14 зират консервациялауға барады, жұмыс істеп тұрған 24. Қолданыстағы қоршалмаған объектілерінде күтіп-ұстауға, санитария және қорғауды жүзеге асыру үшін арналған 10000 теңге тариф орнатылған, қоршалмаған зираттарға 5000 теңге, қосымша қазу және бейіті жайластыру бойынша қызметтер 30 000 теңге көлемінде бағасы белгіленген.
Барлық зират қызмет көрсету іс-әрекеттер бойынша санитария және құрылыс саласындағы нормаларға және ережелеріне сәйкес жүргізіледі, сонымен қатар деректі есепке алу және қайтыс болған адамдарды және олардың жерлеу орындарын тіркеу енгізілуде. Сонымен қатар, кезең-кезеңмен жерлеу деректер туралы Е-халық базасына енгізілуде.
Кездесу соңында қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров БАҚ өкілдерін зираттардың қызмет көрсетуі бойынша хабарлады. Барлық жерлеу орындарына тексеріс жүргізілген. Кірпіш а. ауданындағы зираттан басқа, іс жүзінде олардың барлығында ресми мәртебесі, жер актілері болмаған, көпшілігі қоршалмаған, санитарлық тазарту, қорғау жөніндегі жұмыстар жүргізілбеген, қайтыс болған адамдар есепке алынбаған және тіркелмеген және т.б. Бұған дейін бір зиратты күтуге бюджеттен кемінде 25 млн теңге бөлінген болатын.
Сондықтан, жерлеу орындарын паспорт рәсімдеуден кейін тендер өткізу туралы және жеке құрылымдарға сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданды. Енді жерлеу орындарын күтіп ұстау және олардың қоршауы және жайластыру бойынша барлық шығыстарды тендер ұтып алған компания көтереді. Сондай-ақ олар бюджетке барлық салықтарды аударады

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50