Қазақша   Русский

RSS-лента

Жұмыс берушілер назарына!

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ҚР 6 сәуір 2016 жылғы № 482- V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, мекемелер мен кәсіпорындар меншік түріне қарамастан;
1) бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде Халықты жұмыспен қамту орталығына жіберуге;
2) жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы себебiн көрсете отырып, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы дер кезiнде (жұмысқа орналастыру үшін жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарлауға;
3) мүгедектерді, бас бостандығынан айыру жерінен босап шыққан, пробация есебінде тұратын тұлғаларды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды жұмысқа орналастыру үшін бекітілген квотаны орындауға міндетті екенін ескертеді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 98 бабына сәйкес, жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын;
1)Жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарының(бос лауазымдардың) бар- жоғы туралы мәліметтерді бермеу, уақытылы бермеу;
2) жұмысқа қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны ұсынбау, уақытылы хабарламау;
3) мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау түрінде жасаған бұзушылығы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жұмысберушілер қажетті жұмысшыны таңдау кезінде бірнеше рет ұсыныс жасауға құқылы. Бос жұмыс орындары туралы ақпаратты электронды түрде электрондық мекен-жай This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . жіберуге болады. aktobe_ozsp – Инстаграм әлеуметтік желілерінде мәліметтер жарияланатындығын хабарлаймыз.
Мекен жайымыз: Ш.Уәлиханов көшесі 12 үй.
Байланыс телефондары: 21-44-74, 90-72-89, 90-72-90, 90-72-91 ,41-65-55
6.04.2016ж. №482-V ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28 бабын 1-тармағы 9-тармақшасын орындау үшін және Ақтөбе қаласының 2016-2020 жылдарға дамыту бағдарламасы жөніндегі іс-шаралар Жоспары бойынша Сізден әр айдың 30 жұлдызына дейін қосымшаланған кесте түрінде ақпарат ұсынуыңызды сұраймыз.

Жұмыс жасаушылардың       саны Құрылған жаңа жұмыс орнының саны Әлеуметтік жұмыс орындары
Жыл басына Есеп беру кезеңінің соңында Есеп беру кезеңінде Сонымен қатар ағымдағы айда Оның ішінде мүгедектерге арналған   жұмыс орындары

Оның уақытша немесе

маусымдық

 
             

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50